KZ
Өскемен
+11°
пасмурно жел 3 м/с, СБ
446.49 475.38 4.79

ШҚО-да қар құрсауында қалған екі балықшы құтқарылды

18.01.2021, 14:38 245

Шығыс Қазақстан облысында құтқарушылар мен полицейлер екі балықшыны қар құрсауынан алып шықты. 

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 17 қаңтарда екі балықшы Каменское су қоймасына қарай бара жатқан. Жолда олардың Nissan көлігі қар құрсауында қалды.

«Әуелде ер адамдар көлікті өздері шығармаққа әрекеттенеді. Алайда одан қайыр болмаған соң құтқарушыларды шақырған. Оқиға орнына Ұлан ауданындағы №34 өрт сөндіру бөлімшесінің қызметкерлері мен полицейлер барды. Бірлесе әрекет еткен олар көлікті қардан шығарды», - деп хабарлады ведомство өкілдері

Осы ретте ТЖД мамандары өңір тұрғындарына алыс сапарға шыққан кезде Darmen мобильді қосымшасы арқылы жолдардың жай-күйі туралы алдын ала біліп алуға кеңес береді.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив