Өскемен
-24°
плотный туман ветер 2 м/с, С
468.9 485.64 7.7

Грант иегерлерінің тізімі 10 тамызда жарияланады

9.08.2022, 15:18 1 0
Ғылым және жоғары білім министрлігі грант иегерлерінің тізімі 10 тамызда жарияланатынын мәлімдеді. 
Мемлекеттік білім грантын тағайындау жөніндегі республикалық комиссия өз жұмысын аяқтады. Оның құрамына министрліктің, мемлекеттік органдардың, бiлiм саласы кәсiподақтарының, ҚР Ұлттық кәсiпкерлер палатасы, бұқаралық ақпарат құралдары, Қазақстанның азаматтық альянсы және қоғамдық ұйым өкілдері кіреді. Талапкерлердің ҰБТ-да жинаған балдарына және бекітілген ережелерге сәйкес конкурстық негізде грант тағайындалады.

"Білім гранты иегерлерінің тізімі 10 тамызда жарияланады", - делінген ресми хабарламада. 

Биыл халықтың әлеуметтік осал топтарына бөлінетін грант саны артып отыр. Атап айтқанда, көпбалалы немесе толық емес отбасылардан шыққан балалар, сондай-ақ ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасылардан шыққан балалар грант алуда басым мүмкіндікке ие болды. Сондай-ақ ауыл балалары және Қазақстан азаматтығы жоқ ұлты қазақ азаматтар үшін де квоталар қарастырылған.
Білім беру грантын тағайындау конкурсына қатысу үшін барлығы 80 мыңға жуық өтінім түсті.

Біздің Instagram-ға жазылыңыз

Жаңалықтарды жылдамырақ көріңіз

Жазылу

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив