Өскемен
-24°
плотный туман Штиль
{m-rates-USD} {m-rates-EUR} {m-rates-RUB}

Сарыбелдегі өрт ауыздықталды – Самар ауданы

9.08.2022, 11:23 1 0

Самар ауданында Сарыбел округінің Чикееа учаскесінде шөп өртеніп, тілсіз жау бірнеше күн бойы біраз әбігерге салды.

5 тамызда учаске аумағында өрт тұтанып, 42 га жерді жалын шарпыды.

-  9 тамыз сағат 09.55-те Сарыбел округіндегі Чикеев учаскесіндегі өрт толықтай жойылды. Қауіпсіздік мақсатында орман шаруашылығы мен жергілікті атқарушы орган қызметкерлері аумақты күзетеді, - деп хабарлайды ШҚО ТЖД баспасөз қызметі. 

Айта кетейік, 2 күн бойы өрт ауыздықталмаған соң, 7 тамызда көмекке Өскеменнен қосымша өрт сөндірушілер барған.

Жалпы барлығы ТЖД-ның 33 қызметкері, жергілікті атқарушы органдардан 44 адам және орман шаруашылығынан 17 адам, сондай-ақ 10 техника жұмылдырылды.

 

Біздің Instagram-ға жазылыңыз

Жаңалықтарды жылдамырақ көріңіз

Жазылу

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив