KZ
Өскемен
+12°
переменная облачность жел 1 м/с, С
439.4 473.54 4.76

ШҚО-да сайлау күні 45 бала дүниеге келді

11.01.2021, 18:14 188

Шығыс Қазақстан облысында сайлау күні 45 бала жарық дүние есігін ашты, деп хабарлайды Қазақпарат. 

Шығысқазақстандық 45 отбасы кезекті Парламенттік сайлау күнінде сәбилі болды. Айгүл Мейрамбаеваның отбасы енді жыл сайын 10 қаңтарды ерекше атап өтеді. Айгүлге дауыс беру мүмкіндігі перзентханада берілді.

«Бұл бүкіл ел үшін маңызды саяси шара. Біз жергілікті мәслихаттар мен Мәжіліс депутаттарын сайлап отырмыз. Биыл мен өзімнің сайлау құқығымды Ана мен бала орталығында пайдаландым. Осы айтулы күнде ұлымыз дүниеге келді. Салмағы – 3,4 келі. Өз таңдауымызды жасауға мүмкіндік бергені үшін алғысымызды білдіреміз. Біз ел болашағы үшін дауыс бердік, - дейді ана.

Осы күнде Ана мен бала орталығы қабырғасында 210 әйел өз таңдауларын жасады. Олардың қатарында тек босанған және жүкті әйелдер ғана емес, сонымен қатар стационарлық ем алып жатқан бала күтіміндегі аналар да болды. Аталмыш орталықтың директоры Ермек Омарбеков сайлау құқығы барлығына берілгенін айтты.

«Менің ойымша, бұл жақсы ырым. Өйткені мұндағы аналар балаларының жарқын болашағы үшін дауыс берді», - деді ол.

Айта кетейік, 10 қаңтарда ШҚО-да 24 қыз және 21 ұл бала дүниеге келді.



 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив