KZ
Өскемен
+17°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, СБ
444.14 477.05 4.85

70-ке жүргізуші көлікті мас күйде жүргізген - ШҚО

8.08.2022, 18:04 180

ШҚО полицейлері 20 күн ішінде 10 мыңнан астам адамның жол қозғалысы ережелерін бұзғанын анықтады, оның ішінде олардың 100-ден астамын- қоғамдық көлік жүргізушілері жасаған.

Сонымен қатар, мас күйінде көлік жүргізген 68 жүргізуші ұсталды. Осылайша, 47 тұлға қарсы жолға шыққаны үшін, 1212 тұлға маневр жасау ережелерін бұзғаны үшін, 124 тұлға бағдаршамның тыйым салынған сигналына өткені үшін, 912 тұлға апаттық жағдай туғызғаны үшін және 18 жүргізуші теміржол өткелдерінен өту ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

-   Жол қозғалысы ережелерін бұзған 1279 адам қауіпсіздік белдігін тақпағаны үшін, 1024 адам басқару кезінде ұялы телефондарын пайдаланғаны үшін, 32 көлік құралын басқару құқығы жоқ жүргізуші және жаяу жүргіншіге жол бермеген 746 жүргізуші жауапкершілікке тартылды, - деп мәлімдеді ШҚО ПД баспасөз қызметі. 

Сонымен қатар, рейд барысында тәртіп сақшылары автокөлікті заңсыз қайта жабдықтаудың 26 бұзушылығын, жалған нөмірлермен көлік құралын басқарудың 3 фактісін және техникалық байқаудан өтпеудің 267 фактісін анықтады. Жолды белгіленбеген жерден кесіп өткені үшін 615 жаяу жүргінші әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Полицейлер айыппұл тұрағына барлығы 143 көлік құралын қойып, ЖҚЕ бұзғаны үшін 165 мемлекеттік нөмір алынды.

 

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив