KZ
Өскемен
+4°
пасмурно жел 3,5 м/с, ОШ
448.15 483.46 4.86

Сайлаудың комиссия мүшелері мен бақылаушылар 3 қаңтар күні сағат 24.00-ге дейін тегін ПТР-тестілеуден өту үшін өтінім бере алады

3.01.2021, 16:55 96

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында ҚР ДСМ санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрайымы Айжан Есмағамбетова хабарлады.

«Бүгінгі таңда барлық денсаулық сақтау басқармаларында жауапты тұлғалар анықталды, олардың телефондарының тізімдері Мемсанэпидқадағалау комитетінің сайтында, сондай-ақ денсаулық сақтау басқармаларының сайттарында жарияланған. 31 желтоқсаннан 3 қаңтар сағат 24.00-ге дейін сайлау комиссияларының мүшелерін, бақылаушылар мен сенім білдірілген адамдарды тегін ПТР-тестілеуден өткізу үшін өтінімдер қабылданады», - деді ҚР ДСМ санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрайымы Айжан Есмағамбетова.

Сонымен қатар, спикер сайлау күні эпидемиологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін зертханалардың қуаттылығы жеткілікті екенін атап өтті.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив