KZ
Өскемен
+20°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, З
448.89 477.93 4.76

Қызылорда 44%, Өскемен 43,7%...Шілде айында тұрғын үй нарығындағы бағалар қалай өзгерді?

8.08.2022, 14:42 208
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, бір жылда (2021 жылдың шілдесі мен 2022 жылдың шілдесі аралығында) қайталама нарықтағы пәтерлердің құны 26,4%, жаңа тұрғын үйдегі сату 19,6% өсті. 

Бұл ретте жайлы тұрғын үйді жалдау ақысы 20,8% өсті.

Өңірлерге қарасақ, бастапқы тұрғын үй нарығындағы бағалар жылдық мәнде Ақтөбеде (32,5%), Нұр-Сұлтанда (27,6%), Өскеменде (26,1%) айтарлықтай өскен.

Қайталама тұрғын үй нарығында баға өсімі бойынша көшбасшылар:

  • Қызылорда (44%),

  • Өскемен (43,7%),

  • Талдықорған (43,4%),

  • Нұр-Сұлтан (41,3%).

Ал тұрғын үйді жалға беру нарығында әдеттегідей Алматы көш бастап тұр, 47% өскен.

Бұл ретте бір айда (2022 жылғы маусым-шілде аралығында) пәтерлерді қайта сату бағасы 0,8%, жаңа тұрғын үйді сату 0,5% өсті.

Ыңғайлы тұрғын үйді жалға алу шілде айында өткен аймен салыстырғанда 0,4% қымбаттады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив