KZ
Өскемен
+4°
ясно жел 9 м/с, С
443.85 474.3 4.8

"ADAL" партиясының жеке сайты алты бағыт бойынша қызмет ұсынады

2.01.2021, 11:02 127

«ADAL» саяси партиясы көпшілікті жеке сайтымен таныстырды. Сайт тек ақпараттық алаң ғана емес, қазақстандықтардың мәселелерін шешуге арналған құралға айналады деп мәлімдеді партия өкілдері.

«ADAL» партиясының жаңартылған сайты күн сайын пайдалы ақпараттармен және жағымды жаңалықтармен толықтырылып отырады. Қазіргі уақытта adalpartiyasy.kz сайты 6 айдар бойынша қызмет ұсынады. Атап айтсақ:

- «Сіздің аймағыңыздағы мәселелер» – сіз тұратын облыстағы ең маңызды мәселелерді көрсетеді. Сонымен қатар, еліміздің әр өңірінің жыл сайынғы бюджетін білуге болады. Сондай-ақ, Қазақстанның әрбір тұрғыны айдарда белгілі бір мәселелерді шешуге дауыс бере алады немесе өз шешімін ұсына алады. Барлық өтініштер партияның аймақтық өкіліне жіберіледі.

- «Жұмыс іздеу» айдарындағы сауалнаманы толтырғаннан кейін пайдаланушыға өз ерекшелігі бойынша жұмыс ұсынылады. Егер лайықты жұмыс табылмаса, сіздің деректеріңіз сізбен келісім бойынша жәрдем-ақы алу үшін жұмыспен қамту органдарына берілетін болады.

- «Сіздің аймағыңызға арналған бизнес-идеялар». Партия сарапшылары өңірлердің қажеттіліктерін зерттеп, оларға қандай бизнес қажет екенін анықтады. Мұнда бизнес-жоспарды тегін жүктеп алуға болады.

- «Әлеуметтік лифтілер». Бұл айдар аз қамтылған отбасыларға көмектесу үшін жасалған. Мұнда пайдаланушылар партия өкілдерінен отбасы мен балаға көмек көрсетуді сұрауға мүмкіндік алады.

- «Adal-bagdar» – ата-аналарға баласына болашақ мамандықты таңдауға көмектеседі. Сервисте 694 мамандық бойынша кәсіптің сипаттамасы, жұмыс ерекшеліктері және т.б. ақпарат ұсынылған.

- «ADAL» ақпараттық-талдау жүйесі» – бұл Қазақстанның интерактивті картасы, ол өз еліне жаңаша қарауды ұсынады. «ADAL» жергілікті тұрғындар мен кәсіпкерлік өкілдері үшін ыңғайлы форматта әрбір өңір туралы маңызды ақпаратты ұсынады.

Ескерту: 2020 жылғы 10 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының отырысы өтті. Іс-шара барысында партияның алдағы сайлауға дайындығы туралы ақпарат айтылды. ОСК мәліметінше, партиялық тізімге 312 кандидат енгізілді, олардың 90-ы әйел, 222-сі ер адам. Бұл ретте «ADAL» партиясында кандидаттардың ең төменгі орташа жасы – 41,6 жасты, ал барлық кандидаттардың жалпы орташа жасы 46,7 жасты құрайды.

Жеребе тастау барысында «ADAL» партиясы Қазақстан Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттары депутаттарының сайлауында дауыс беруге арналған сайлау бюллетеніндегі тізімде бесінші орында тұрады.

«ADAL» партиясының баспасөз қызметі

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив