KZ
Өскемен
+10°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, С
449.58 486.94 4.86

ШҚО-да 997 баланы кене шаққан

8.08.2022, 09:57 140

Шығыс Қазақстан облысында көктем шыққалы бері 997 баланы кене шаққан. ШҚО Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, өңір бойынша сәуір айынан бері эндемиялық аумақтарда 3346 адамды кене шақты. Оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалардың саны – 997. Бұл кенеден зардап шеккендер үлесінің 30 пайызына жуықтайды. 

«Кене энцефалитіне шалдыққан 8 адам тіркелген. Бұл науқастардың ешқайсысы кене шаққаннан кейін медициналық көмекке жүгінбеген. Дәрігерлерге уақтылы, яғни үш күннен кешіктірмей қаралған адамдардың арасында кене инфекциясын жұқтырғандар болған жоқ», - делінген ақпаратта.

Кене энцефалитін емдеу тек стационарлық жағдайда жүргізіледі. Инфекция жұқтырған өңірдің жеті тұрғыны жұқпалы аурулар ауруханалары мен бөлімшелеріне жатқызылған. Пациенттерге арнайы ем-дом тағайындалды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив