KZ
Өскемен
+1°
ясно жел 2 м/с, ОБ
443.85 474.3 4.8

ШҚО-ның 217 мыңға жуық тұрғыны МӘМС жүйесі арқылы ем алды

16.12.2020, 15:42 148

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі толыққанды енгізіле бастағаннан бері бір жылға жуық уақыт өтті. Бұл елдің денсаулық сақтау жүйесіндегі маңызды реформа болды. Сондықтан Шығыс Қазақстанда МӘМС енгізудің бірінші жылында атқарылған жұмыстар қорытындыланды.
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ ШҚО бойынша филиалының директоры Ғалымжан Әбіловтың айтуынша, 11 айдың қорытындысы бойынша қалпына келтіру емі және медициналық оңалту, консультациялық-диагностикалық көмек, профилактикалық қарап-тексеру, стационарды алмастыратын көмек салаларында қызметтер көрсету айтарлықтай артты.
Осы жылы МӘМС аясында тәуліктік стационарда 150 мыңнан астам пациент емделді. Оның ішінде 280 пациентке жоғары технологиялық көмек көрсетілді. 58 мыңға жуық адам стационарды алмастыратын көмек алды. Инфекциялық бөлімшелерде 9 мыңға жуық КВИ-мен ауыратын науқастар ТМККК аясында емделді.
МӘМС жүйесін іске асырудағы өзекті мәселелердің бірі - азаматтардың сақтандырылуы. 1 желтоқсандағы жағдай бойынша Шығыс-Қазақстанда 1,1 млн-нан астам адам немесе 81,6% сақтандырылған. Тағы 251 мың адам әлі сақтандырылмаған, ал бұл облыстың әрбір бесінші тұрғыны. Сондықтан қор филиалы азаматтардан өзінің сақтандыру мәртебесін анықтауды сұрайды.
Ғалымжан Әбілов өз сөзінде 2020 жылдың 1 желтоқсанына қор филиалы медициналық көмектің жоспарланған көлеміне өтінім берген 104 медициналық ұйыммен шарттар жасағандығын атап өтті. Оның ішінде 42 жеке меншік, 62 мемлекеттік мекеме.
Сондай-ақ, филиал директоры қордың басты функцияларының бірі пациенттердің сапалы медициналық көмек алу құқықтарын қорғау болып табылатынын айтты. Өткен жылдың қыркүйек айынан бастап қордың 1406 нөмірі бойынша «Бірыңғай байланыс орталығы» жұмыс істей бастады. Ал 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап орталықтың жұмысы тәулік бойғы режимге ауыстырылды. Азаматтардың өтініштерін өңдеудің үш деңгейлі моделі әзірленді.

– Осы жылы ШҚО тұрғындарынан 26 мыңға жуық өтініш келіп түсті, оның 25 мыңы консультациялық сипатта болды, 467 шағым, 505 алғыс, 11 ұсыныс. Олардың барлығы мерзімінде қаралды, - деді Ғалымжан Әбілов

Айта кету керек, өтініштердің негізгі саны медициналық көмек көрсету сапасымен, атап айтқанда ауруханаға жатқызудан бас тартумен байланысты. Сондай-ақ азаматтардан сақтандыру мәртебесінің болмауына байланысты ТМККК пакеті шеңберінде медициналық қызметтерді алу мүмкін еместігі туралы өтініштер келіп түседі.
Қор филиалының директоры сақтандырылу мәртебесіне қарамастан барлық азаматтардың тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне құқығы бар екенін еске салды. Алайда жоспарлы емдеуге жатқызу, белгілі бір мамандардың қабылдауы, қымбат тұратын тексерулерден өту және жоғары технологиялық ем алу үшін МӘМС жүйесінде сақтандыру мәртебесіне ие болу қажет. Сонымен қатар, пациенттер келісімшарттың жоқтығына сілтеме жасай отырып, қызмет көрсетуден бас тартқаны туралы шағымдар болды. Бірақ Ғалымжан Әбіловтың айтуынша, бірлесіп орындау шарттары болмаған жағдайда дәрігер пациентті кез келген медициналық ұйымға оның таңдауы бойынша жібере алады. Ол үшін ең бастысы қормен шарт болса болғаны. Жеткізушілер тізімін Қордың сайтынан көруге болады.

- Азаматтарға ыңғайлы болу үшін біз кері байланыстың түрлі арналарын ұсыну бойынша жұмыс жүргізудеміз. «Qoldau 247» мобильді қосымшасы іске қосылды және табысты жұмыс істеуде. Оның көмегімен пациенттер кеңес алуға, мәртебесін тексеруге, шағым беруге, уақытша сақтандыру мәртебесін алуға мүмкіндік алады. Сондай-ақ, қордың Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалында ұйымдастырылған азаматтарды қабылдау кабинетіне жүгінуге болады. Сақтандырылу мәртебесін қор сайтындағы плагинді пайдалану арқылы, «SaqtandyryBot» телеграм-боты, «Qoldau 247» мобильді қосымшасы арқылы, сондай-ақ «Egov.kz» порталында анықтауға болады. Сонымен қатар 1406 колл–орталығының тәулік бойы жұмыс істейтін еске саламыз, - деп қорытындылады Ғалымжан Әбілов

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив