KZ
Өскемен
+11°
пасмурно жел 1 м/с, В
447.4 477.55 4.76

Өскемен қаласының үздік жастары марапатталды

16.12.2020, 11:55 258

Өскемен қаласы әкімінің жыл сайынғы «Алау-2020» жастар сыйлығымен мемлекеттік жастар саясатын іске асыруға қосқан үлестері үшін бірқатар жастар марапатталды.

Марапаттау рәсіміне қаламыздың жас көшбасшылары, жұмысшы және шығармашыл жастары, жас спортшылар, жастар қоғамдық ұйымдарының өкілдері қатысты.

Іс-шара барысында жастардың әлеуетін қолдау мен дамытуға бағытталған жыл тәжірибесі талқыланып, қорытынды шығарылды.

Марапаттау рәсімін аша отырып, қала әкімі Жақсылық Омар қала жастарының белсенді және бастамашыл бөлігін ерекше атап өтіп, жастарға жаңа табыстар мен жеңістер тіледі.

WhatsApp Image 2020-12-15 at 23.23.41.jpeg

 

2020 жылы сыйлық лауреттары атанған жастар тізімі:

1. «Үздік оқушы» - Өскемен қаласы әкімдігінің «№19 қосымша білім беру мектеп-орталығы» КММ-нің 10 сынып оқушысы Птухов Глеб Романович

2. «Үздік студенттік көшбасшы» – Қазақстан Американдық Еркін Университетінің 4 курс студенті Манатбеков Айбек Аманбекұлы

3. «Үздік жас ұстаз» - Өскемен қаласы әкімдігінің «Лев Гумилев атындағы №38 гимназия» КММ-нің биология пәні мұғалімі Лукашева Татьяна Евгеньевна

4. «Үздік жас ғалым» - «УМЗ» АҚ уран зертханасы ғылыми орталығының жетекші инженер-зерттеушісі Алдажаров Тимур Муратович

5. «Үздік жас дәрігер» - «Шығыс Қазақстан облыстық ауруханасы» ШЖҚ КМК, кардиохирургия бөлімшесінің дәрігер-кардиохирургы Кадырбаев Дастан Жумагалиевич

6. «Үздік жас металлург» – «Казцинк» ЖШС Өскемен металлургиялық мыс зауытының мыс электролизі цехының ауысым шебері Луферов Вячеслав Игоревич

7. «Үздік жас спортшы» - «Казцинк» ЖШС Өскемен металлургиялық еңбекшілердің жергілікті кәсіптік одағы» ҚБ әлеуметтік қолдау қызметінің жетекші маманы Рыкунов Кирилл Евгеньевич

8. «Үздік жас спортшы» - «УМЗ» АҚ ЛОТОС сынау орталығының 4-разрядты акустикалық сынау оператры Мехнина Маргарита Витальевна

9. «Үздік жас мәдениет және өнер маманы» - Халық әртістері ағайынды Абдуллиндер атындағы Шығыс Қазақстан өнер училищесі КМҚК маманы Бақтқанов Рафхат Асхатұлы

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив