KZ
Өскемен
+22°
пасмурно жел 4 м/с, В
444.14 477.05 4.85

Қазақстанда 100, 200 және 500 теңгелік жаңа монеталар пайда болды

12.12.2020, 12:39 225

Ұлттық банк "Белка және Стрелка", Sundet Toi коллекциялық монеталарын шығарды. Жаңа қазақстандық монеталардың номиналы - 500, 200 және 100 теңгелер, - деп хабарлайды  Ұлттық банк баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Күмістен номиналы 500 теңгелік, мельхиор қоспасынан номиналы 200 теңгелік және нейзильбер қоспасынан номиналы 100 теңгелік "Белка және Стрелка" коллекциялық монеталар "Ғарыш" монеталар сериясын жалғастырады. Монеталар Белка мен Стрелка иттері Қазақстан жеріндегі "Байқоңыр" ғарыш айлағынан "Восток" ғарыш кемесінде ұшқан күннен бастап 60 жыл толуына арналған. Белка мен Стрелка - орбитаға сапар шеккен және Жерге аман оралған кеңестік космонавт иттер.

 

Монеталардың аверсінде ортасында адамзат пен ғаламшардың бірлігін, өткен күн мен осы күннің байланысын білдіретін композиция бейнеленген. Монеталардың оң жақ бөлігінде монеталардың номиналын білдіретін: танталы бар күміс монетада "500 теңге", мельхиор қоспасынан жасалған монетада "200 теңге", нейзильбер қоспасынан жасалған монетада "100 теңге" деп жазылған. Танталы бар күміс монета номиналының астында - монета дайындалған металды, оның сынамасы мен массасын білдіретін Ag 925 14,6 g Та 26,8 g деген жазу бар. Төменгі жағында - Қазақстан теңге сарайының тауар белгісі (логотипі) бар. Жиегінде мемлекеттік тілде QAZAQSTAN RESPÝBLIKASY, ағылшын тілінде REPUBLIC OF KAZAKHSTAN деп айналдыра жазылған жазу бар.

 

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив