KZ
Өскемен
+17°
ясно жел 11 м/с, СБ
446.49 475.38 4.79

Аягөзде мал саны артып келеді

9.12.2020, 17:50 134

Жыл сайын Аягөз ауданында шаруалар мал санын арттыру, әсіресе, асылтұқымды малды көбейту, сондай-ақ уақытында малға азығын дайындау жұмыстарын қолға алады. Биылғы жылы да бұл салада атқарылған жұмыстар аз емес. 

Аудан әкімі Сейілбек Ысқақовтың айтуынша, ауылшарушылығының жалпы көлемі қаңтар-қазан айларында 27 млрд 530 млн теңге құраған, бұл 2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3 млрд 324 млн. теңгеге артты деген сөз. 

Есепті кезеңде ірі қара мал саны 9,2%-ға, немесе 8962 басқағ оның ішінде жылқы – 15,5%-ға немесе 6682 басқа артты. (2019 ж - 43023 бас), Ал қой-ешкі –10162 басқа төмендеп, 224438 бас құраған немесе 95,7% (2019 ж – 234600). Төмендеу себебін шаруашылықтардың ірі қара малды көптеп өсіре бастауымен байланыстырады.


-     Өнімінің артуы ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер мемлекет тарапынан берілетін жеңілдіктерге байланысты. Оның ішінде асыл тұқымды мал үлесі артты. Одан бөлек, ағымдағы жылдың қаңтар-қазан айларында тірі салмақтағы ет өндірісі 870,2 тоннаға артып немесе 105,3% құрады (2019 ж - 16361,8 тонна), 4957,2 тоннаға артық сүт өндірілді немесе 107,5% құрады, - дейді Аягөз ауданының әкімі. 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив