KZ
Өскемен
+3°
ясно жел 1 м/с, С
443.85 474.3 4.8

Күршім ауданында денсаулық сақтау саласын дамытуға 1 млрд теңге бөлінді

26.11.2020, 15:45 217

Күршім ауданының әкімі Дулат Қажанов баспасөз конференциясы барысында денсаулық сақтау саласының дамуы туралы айтып өтті.

Күршім ауданында денсаулық сақтау саласын дамыту бойынша кешенді жоспарды іске асыру кезеңінде 1 млрд теңге көлемінде қаражат бөлінген.

– "Ауыл - ел бесігі" бағдарламасы бойынша Күршім аудандық орталық ауруханасы мен Марқакөл ауылдық ауруханасының ғимараттарына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргіздік.

Күршім АОА-ның перзентхана бөлімшесінің материалдық-техникалық базасын нығайту үшін қосымша 43 бірлік жабдық сатып алдық. Бұл ретте аудандық аурухананың мамандары үшін жүкті әйелдерге, босанатын әйелдерге, бір жасқа дейінгі балаларға шұғыл медициналық көмек көрсету бойынша біліктілігін арттыру мүмкіндігі қарастырылғанын айта кету керек. Осының арқасында біз перинаталдық көмекті I-ден II деңгейге ауыстырамыз, - деді Дулат Қажанов.

Сондай-ақ Марқакөл ауылдық ауруханасының анестезиология, реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінің материалдық-техникалық базасын күшейту жұмыстары жүргізілуде.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив