KZ
Өскемен
+13°
ясно жел 9 м/с, С
444.22 476.38 4.82

Алтай ауданында жоғалған 10 жасар қыз табылды

29.07.2022, 17:11 295

28 шілде күні сағат 21:12-де Алтай ауданының полиция бөлімінің кезекші бөліміне Алтай қаласының 50 жастағы тұрғыны хабарласып, 10 жасар қызының жоғалғаны туралы хабарлады.

«Дабыл» сигналы бойынша  Алтай ауданының полиция бөлімінің жеке құрамы дереу аумақты толық тінтіп, жеке құрам топтарға бөлінді. Туыстарының айтуынша, жоғалған қыз сағат 17:00-де аулаға шығып, көрші балалармен ойнап жүрген. Біршама уақыттан кейін аулаға шыққан туыстары баланы жүрген жеріннен таппаған соң, көршілерінің үйлерінен іздей бастады. 40 минут бойы өз күштерімен іздеу жұмыстары оң нәтиже бермегендіктен, қыздың анасы полицияға жүгінген.

Іздеуге кіріскен полиция қызметкерлері көрші үйлердің барлық аулалары мен жертөлелерін, қараусыз қалған ғимараттарды аралап шығып, сондай-ақ жергілікті «Алва-ТВ» телеарнасының көмегімен жүгіртпе жол және ресми аккаунтқа жіберу арқылы қала тұрғындарын хабардар етті.

- Іздестіру іс-шаралары барысында сағат 22:50-де ювеналды полиция тобының инспекторлары полиция капитаны Қажиақпаров Елшат Маратұлы полиция капитаны Ыдырышқанова Меруерт Қалымқанқызы баланы көрші көшеде орналасқан азық-түлік дүкенінің ауласынан тапты. Полицейлер қыздың құрбыларынан оның көрші көшеге ойнауға кеткенін анықтады, қараңғы түскен соң үйінен қорқып, дүкеннің артына тығылған. Жанарлары жасқа толған қыздың жақындары іздеу жұмыстарын ұйымдастырып, қызметтерін адал, әрі жауапкершілікпен атқарғандары үшін полицейлерге алғыс айтты, - деп хабарлайды ШҚО ПД баспасөз қызметі. 

Шығыс Қазақстан облысының Полиция департаменті жоғалу жағдайларының жиілеп кетуіне байланысты ата-аналарды балаларын қараусыз қалдырмауды ескертеді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив