KZ
Өскемен
+14°
ясно жел 10 м/с, СБ
446.49 475.38 4.79

Өскеменде алаяқтықтың арбауына түскен 5 қыздан арыз түсті

29.07.2022, 15:56 140
Өскемендегі Үлбі полиция бөліміне алаяқтың арбауына түскен 5 қыздан арыз түсті, деп хабарлайды Altaynews тілшісі ШҚО Полиция департаментіне сілтеме жасап. 
23 жастағы қала тұрғыны жәбірленушілердің атына қымбат смартфондар мен смарт-сағаттар ресімдеген. Залалдың жалпы сомасы шамамен 3 400 000 теңгені құрады.
- Жедел-іздестіру шараларын жүргізу нәтижесінде криминалдық полиция қызметкерлері күдіктіні анықтап, ұстады. Ер адам өз ісін мойындады. Кінәлі өзінің таныстарына қаржылай көмектесемін, шағын несие ұйымдарында несие ресімдеп беремін деп сылтауратып, аттарына тауарлық несие алған. Аталған факті бойынша ҚР ҚК - нің 190-бабы 1-бөлігі – «Алаяқтық» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Осы баптың санкциясы 2 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді, - делінген Полиция департаменті таратқан ақпаратта. 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив