KZ
Өскемен
+11°
облачно с прояснениями жел 4 м/с, СБ
446.49 475.38 4.79

Қызметтік ит жолаушының қалтасынан есірткі тапты

29.07.2022, 14:52 114

«Қарасора» жедел профилактикалық іс-шарасын өткізу барысында Шемонаиха қаласы «Рубеж» стационарлық бақылау бекетінде патрульдік полиция батальонының қызмет инспекторымен және кинологиялық қызмет тобының қызметеркері 34 жастағы жергілікті тұрғынның басқаруындағы «ВАЗ» автокөлігі тоқтатқан.

Көлікті тексеру кезінде «Барон» қызметтік иті көлік жолаушысына қарай күмәнді белгі берген. Тексеру кезінде 40 жастағы жолаушының қалтасынан өсімдік тектес ерекше иісі бар қоңыр-жасыл түсті қағаз орамы табылып, тәркіленді.

- Сараптама қорытындысы, табылған зат салмағы 1,06 грамм «Кептірілген марихуана» екенін көрсетті. Аталған факті бойынша ҚР ҚК - нің 296-бабының 2-бөлігі – «Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, - деп хабарлайды ШҚО ПД баспасөз қызметі. 

WhatsApp Image 2022-07-29 at 11.17.24.jpeg


 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив