KZ
Өскемен
+5°
небольшая облачность жел 5 м/с, СБ
444.32 473.33 4.76

Өскемен ХҚО-ларында заңды тұлғалардың өтініштерін қабылдау орталығы жұмыс істеп тұр

29.07.2022, 14:42 70

«Азаматтарға арналған үкімет» ШҚО бойынша филиалы кеңсесіне заңды тұлғалардан жолданған құжаттарды қабылдауды оңтайландыру мақсатында ХҚО бөлімдерінде заңды тұлғалардың өтініштерін қабылдау орталығы өз жұмысын бастады.

«Енді заңды тұлғалар құжаттарын өткізу үшін филиалдың кеңсесіне келудің қажеті жоқ. Қаладағы кез-келген ХҚО-ларға жүгінсе болады. Қазіргі уақытта электрондық үкімет порталында резидент еместер үшін басшының өзгеруі, орналасқан жерінің өзгеруі базаға электрондық хабарлама негізінде, автоматтандырылған режимде енгізілмейді. Сол себепті, Өскемен ХҚО-ларда өтініш қабылдау орталығы, яғни әр бөлімде бір терезе жұмыс істеуде» - дейді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы ШҚО бойынша филиалының директоры Азамат Есембулов. 

Атап айтқанда, заңды тұлғалардан жолданған құжаттардың келесі түрлері бойынша хабарлама сипатындағы қызметтерді көрсету ХҚО-ларда жүзеге асады.

1) заңды мекенжайының (резидент еместердің) өзгергені туралы хабарлама

2) заңды тұлға басшысының (резидент еместердің) өзгергені туралы хабарлама

3) заңды тұлғаның жарғылық капиталын ұлғайту туралы хабарлама

4) заңды тұлғаның Экономикалық қызмет түрін өзгерту туралы хабарлама

5) басшы мен құрылтайшының дербес деректерінің өзгергені туралы хабарлама (т.а.ә. өзгеруі)

6) заңды тұлғалардың тіркелген заңды тұлға туралы мәліметтерді ұсынуға қатысты сұрау салулары.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив