KZ
Өскемен
+5°
небольшая облачность жел 2 м/с, З
448.15 483.46 4.86

ШҚО-да түрме қызметкерлері қараусыз қалған жануарларға 100 келі азық жеткізді

29.07.2022, 10:13 228
Шығыс Қазақстан облысы бойынша ҚАЖД ОВ 156/22 колониясының қызметкерлері қараусыз қалған жануарларға арналған мекенге ат басын тіреді. 
Мұнда бүгінде 30 астам қараусыз жануар пана тапқан. Қызметкерлер өз күштерімен оларға 100 келіге жуық тамақ жинап апарды.
Біз үнемі мұқтаж жандарға көмектесуге тырысамыз. Бұл жолы біз қараусыз жануарлар пана тапқан мекенге баруды жөн көрдік. Біз оларға біраз уақытқа жететін тамақ апардық. Алдағы уақытта бұл жануарларға тұрақты орын табуға көмектескіміз келеді. Оларға мейірімді де жауапты отбасылар қамқорлық жасауын қалаймыз, - деді ШҚО бойынша ҚАЖД ОВ 156/22 колониясының қызметкері, әділет капитаны Арай Көшербаева. 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив