KZ
Өскемен
+10°
ясно жел 6 м/с, С
443.85 474.3 4.8

Үйінде есірткі сақтаған қос риддерлік тұрғын ұсталды

29.07.2022, 09:40 104

Риддер қаласы полиция бөлімінің қызметкерлері өз пәтерінде есірткі сақтады деген күдікпен 31 жастағы қала тұрғынын ұстады. 
Полиция департаменті таратқан ақпаратқа сәйкес, ұсталған азаматтың үйінен өсімдік тектес заты бар 7 полимерлік түйіншек табылып, тәркіленді. Сондай-ақ, металл контейнерлер мен пластикалық бөтелкелердің сынықтары да шыққан. 

- Сараптама көрсеткендей, түйіншектерде салмағы 135 грамнан астам «кептірілген марихуана» сақталған. Сол күні тәртіп сақшылары тағы да 35 жастағы екінші жергілікті тұрғынды ұстады, оның үйін және ауласын тінту барысында ішінде жоғарыда аталған заты бар бір түйіншек табылды, - делінген ШҚО ПД баспасөз қызметі татартқан ақпаратта.  
Ұсталған азаматтардың екеуіне де қатысты келу туралы міндеттеме түрінде процессуалдық мәжбүрлеу шарасы таңдалды. 

Аталған фактілер бойынша ҚР ҚК - нің 296-бабының 3-бөлігі және 296-бабының 2-бөлігі – «Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив