ALTAYNEWS TV Әлем
Ауа райы
Өскемен
-36°
туман ветер 2 м/с, СВ
467.99 488.82 7.7
KZ RU

Жастардың кәсіпкерлігін қолдауға не кедергі?

21.07.2022, 14:39 2 0 Мадина Амангелдіқызы
Өңірде кәсіпкерлікті, оның ішінде жастар кәсіпкерлігін дамытуға не кедергі? Неліктен олардың бизнес-жобалары көп ретте мақұлданбайды, неге екінші деңгейлі банктер тарапынан қолдау таппайды? Банктердің өте жоғары пайыздық мөлшерлемелерін төмендетудің жолдары қандай? Жалпы облыста кәсіпкерлерді қолдаудың қандай тетіктері қарастырылған?  
Аталған мәселелер облыстық «Достық үйі – Қоғамдық келісім орталығында» Қазақстан халқы Ассамблеясы Кәсіпкерлер қауымдастығының президенті Қайрат Айтбайдың қатысуымен өткен «Қазақстан Халқы Ассамблеясы кәсіпкерлер қауымдастығын дамытудың жаңа бағыттары» тақырыбындағы бизнес-форумда жан-жақты талқыланды. 
Форум жұмысына Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, «Атамекен» ҰКП және «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының өңірлік өкілдері, маркетинг және нетворкинг жөніндегі мамандар мен аймаққа белгілі кәсіпкерлер қатысты.
Кәсіпкерлерді қолдауға арналған форумның жұмысын ашып, жүргізген облыстық ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Альмира Жұмабаева күн тәртібіндегі тақырыптың маңыздылығына тоқталып, жиналғандарды оған белсенді қатысуға шақырды. Мұнан соң жиналғандарға қауымдастықтың негізгі қызметінің тұсаукесері таныстырылды.

 – Алдымен Нұрсұлтан қаласында алғашқы жиын өтті. Жұмыс бағытын анықтап алып, ел аймақтарын аралауға шықтық. Енді міне, Өскеменге келіп отырмыз. Сіздерден соң Семей, одан әрі Павлодар қаласына барып кәсіпкерлермен кездесеміз. Мұндағы мақсат – жергілікті кәсіпкерлермен, Ассамблея мүшелерімен кездесіп, оларды тыңдау, өзекті мәселелерді талқылау, проблемалар болса, бөлісу, тәжірибе алмасу. Барлығымыздың көздегеніміз – кәсіпкерлікті жандандырып, ел экономикасының дамуына үлес қосу. Экономикалық қызметтің әртүрлі салаларында кәсіпкерлік және бизнес саласындағы жобаларды іске асыруды қолдау. Осылайша, екі ай бойы Қазақстанның барлық аймағында кездесулер өткізуді жоспарлап отырмыз. Сіздерден жинақталған барлық ұсыныстар мен өтініштерді сұрыптап, тиісті қорытынды шығарамыз, – деді ҚХА Кәсіпкерлер қауымдастығының президенті Қайрат Айтбай. 

 Енді, осыдан былай Шығыс Қазақстанда кәсіпкерлер қауымдастығының филиалы жұмыс істейді. Филиал бизнес саласындағы жобаларды іске асыруға қолдау көрсетіп қана қоймай, бизнестің құқықтары мен мүдделерін де қорғайды. Облыстағы кәсіпкерлер аталған қауымдастыққа өз еркімен мүше де бола алады.
Жиында жергілікті іскер азаматтар сөз алып, өз кәсіптерімен таныстырды, жетістіктері мен проблемалармен бөлісті. Бас қосу еркін тақырыпта, сұрақ-жауап форматында өтті.

 – Менің сіздерге айтар өтінішім, кәсіпкерлікті дамыту саласына келгенде, мейлі ол ауылшаруашылығы болсын, шағын және орта бизнес болсын банктердің пайыздық мөлшерлемесі өте жоғары. Мәселен, ауылшаруашылық техникаларын біз өте қымбатқа сатып аламыз. Ал кәсібін енді бастағандардың оған шамасы жетпейді. Сондықтан, банктердің пайыздық мөлшерлемесін төмендетуге ықпал жасасаңыздар, – деді форумда
өңірге белгілі кәсіпкер Марат Мұзапаров. 

 Оның сөзін әріптесі, "Ұлан" ЖШС ет-консерві зауыты басқармасының төрағасы   Ғабдулхай  Ишмуратов та қолдады. Оның айтуынша, банктер де, түрлі мемлекеттік мекемелер де, қаржылық ұйымдар да жаңадан кәсіп бастағандардан гөрі, аяғына нық тұрған, ірі бизнесмендермен ары қарай жұмыс істей бергенді құп көреді.  

 – Шынын айту керек, бүгінде кәсіп ашам деген жастарға, әсіресе, ауыл жастарына қолдау өте аз. Банктер талабы жоғары. Несие беру үшін қымбат кепілдік сұрайды. Оны ауыл жастары қайдан табады? Өздеріңіз білесіздер, ауылды жерде жылжымайтын мүлік арзан бағаланады. Менің ойымша, ауыл жастарының стартап жобаларына қолдау жасалса? Бұл ретте Ассамблея өз мүмкіндігін толық көрсете алған жоқ деп есептеймін. Ауыл жастарына қолдау қажет. Себебі, қалада ғана емес, ауылды жерде де кәсіпкерлік дамуы тиіс, – дейді ол.
Жиында кәсіпкерлердің бір тобы мемлекеттік сатып алу барысында да қордаланған мәселе көп екендігін айтып өтті.

 – Мемлекеттік сатып алуға шығарылатын қызметтерді жыл сайын өзге өңірлерден келгендер тендердің соңғы сәтінде арзан бағамен ұтып кетеді. Сорақысы сол, ұтқан жұмыстарын ойдағыдай атқармайды, сапасыз қызмет көрсетеді. Соның кесірінен өңірдегі кәсіпкерлер жыл да жұмыссыз қалып жүр. Бұл жағдай жыл сайын жүйелі түрде қайталанып келеді. Осыған тоқтау болып, конкурс әділ өткізілсе, ақ-қарасын анықтасаңыздар екен. Себебі, жергілікті кәсіпкерлер жергілікті жердің жағдайын біледі әрі олардың бойында туған жерге деген отансүйгіштік сезім бар, – деді басқосуда Өскемендегі «Шаңырақ» медиация орталығының директоры Элизавета Абдрахманова.   

 – Кәсіпкерлік – көптеген мүмкіндіктерге жол ашатын сала. Ал мұндай форумдар тәжірибе алмасуға таптырмайтын мүмкіндік. Кәсіпкерлер бизнесті дамытуға қатысты пайдалы кеңес алып қана қоймай, Қауымдастық мүшесі де бола алады. Біз өз бизнесін және жалпы ел экономикасын дамытатын қазіргі заманғы кәсіпкерлердің жаңа қоғамдастығын құруға мүдделіміз. Өздеріңіз білесіздер, Парламент Мәжілісінде біздің Ассамблеядан сайланған тоғыз депутат отыр. Сіздер бағанадан бері ортаға салған өзекті мәселелердің бәрі де сол депутаттардың алдына қойылады, жоғарыда отырғандарға жеткізіледі, мәселенің бәрін бірлесіп шешетін боламыз. Бүгінгі кездесудің мақсаты да осы, – деді форумда Қайрат Орынбайұлы.

 Сондай-ақ форумда тәжірибелі сарапшылар, ІТ мамандар, медиаторлар  сөз алып, өңір кәсіпкерлері қауымдастық басшысына өз ұсыныстарын да жеткізді.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды жылдамырақ көріңіз

Тіркелу

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Соңғы жаңалықтар

Бүгін, 16:40 Тоғызқұмалақта топ жарғандар марапатталды – ШҚО Бүгін, 16:00 Өскеменде «ІТ-хакатон» байқауының жеңімпаздары марапатталды Бүгін, 15:22 ШҚО-да аязды күндері 6 өрт оқиғасы болды Бүгін, 14:30 Ұлан тұрғыны: Адвокат болуға қандай талаптар қойылады? Бүгін, 14:26 Желтоқсанда күн райы жылына бастайды - ШҚО Бүгін, 12:26 Зайсанда жоғалып кеткен шопандар табылды Бүгін, 12:00 Ел күткен өзгеріс енді басталады – Алима Ақылбекқызы Бүгін, 11:10 Орталық алаңға Аяз ата мен Ақшақар орнатылады – Өскемен Бүгін, 10:48 Екінші ауысым оқушылары қашықтықтан оқиды – ШҚО Бүгін, 10:46 Алматы-Өскемен тасжолындағы жекелеген учаскелер жабылады Бүгін, 09:04 Қатты аяздан тармвайдың сымы үзіліп кеткен – Өскемен Кеше, 18:03 ШҚО-да көліктің екі түрінің қозғалысына тыйым салынды Кеше, 17:41 Зайсан ауданында жүргізушілер аязда үсіп қала жаздады Кеше, 16:26 Өскеменде бірінші ауысымдағы оқушылар сабаққа бармайды Кеше, 15:23 Шығыста 42 градусқа дейін аяз болады Кеше, 14:19 ШҚО-да қолайсыз метеорологиялық жағдайлар жалғасады Кеше, 13:03 Облыстық маңызы бар тас жол ашылды - ШҚО Кеше, 12:22 ШҚО-ның тас жолдарындағы ахуал Кеше, 11:50 Республикалық маңызы бар тас жол ашылды – ШҚО Кеше, 10:01 Тарбағатай ауданында автокөлік қар құрсауында қалды Кеше, 09:00 ШҚО-да тағы да жол жабылды 26.11.2022, 17:02 Өскеменде 35 градусқа аяз түседі 26.11.2022, 16:11 Екі қалада қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі - ШҚО 26.11.2022, 15:00 ШҚО-да қар көшкіні болды 26.11.2022, 14:27 Қазақстанда жолдардың сапасын арттыру мақсатында IT-шешім ұсынылды