KZ
Өскемен
+12°
облачно с прояснениями жел 6 м/с, СБ
446.49 475.38 4.79

Көмір қымбаттауы мүмкін. Өскемен әкімдігі ақпаратты жоққа шығармайды

19.07.2022, 11:51 141

Әне-міне дегенше, күз келіп қояды. Қыстың қамын жазда ойлап жатқан облыс орталығының тұрғындары қысқы отын қорын жинақтауда.

Көмір тасымалдаумен айналысатын «Сейком» ЖШС-нің мәліметінше, олардың тұйығына вагондар күнде көмір жеткізуде. Халық жылдағыдай емес, күзде дүрбелең болмас үшін күн суытпай көмір алуға асығып жатыр.

-  Халық бұрынғыдан қарағанда көмірді көптеп сатып ала бастады. Бұқаралық ақпарат құралдарында күзде дүрбелең тудырмай, қазір қолға алған дұрыс деп ескерткендіктен болар. Әлде көмір біраз қымбаттап, халық бағаның одан әрі көтерілуінен қорыққанынан шығар, – дейді «Сейком» ЖШС-нің өкілдері.

Еске салайық, шілде айының басынан бері көмірдің тоннасы коммерциялық бағамен 11 800 теңге, әлеуметтік бағамен 11 300 теңге болды. Бұрын тоннасы 11 600 теңге және 11 100 теңгеден саудаланған еді.

-  Көмір 200 теңгеге қымбаттады, тағы да қымбаттауы мүмкін. Тамыз айына дейін баға 300 теңгеге көтеріледі деген болжам бар. Қазір кезек жоқ, бірақ халық қазірден отын қорын жинақтамаса, қазан айында күн суытқанда дүрбелеңнің нағыз өзі басталады. Көліктер де ол кезде көмір жеткізіп үлгермейді, - деп түсіндірді қала әкімінің орынбасары Денис Федченко. 

Сондай-ақ қала әкімінің орынбасары әзірге көмірден тапшылық жоқтығын айтты. Жеткізу бойынша жұмыстар әкімдік тарапынан тұрақты бақылауға алынған. Егер вагондар уақытында келмесе, «Қазақстан Темір жолы» АҚ-на тікелей хабарласады.

Айта кетейік, қазір Өскеменде көмірді екі жерден сатып алуға болады: Делегатская көшесі, 36 к1 бойындағы «Сейком» ЖШС және Базовая көшесі, 5 мекенжайындағы «Терминал отын компаниясы » ЖШС.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив