Өскемен
-24°
плотный туман ветер 1 м/с, С
472.17 495.5 7.57

Бұқтырма су қоймасын бүкіл елге танытамыз

19.07.2022, 11:04 0 0 Мадина Амангелдіқызы
Шығыс Қазақстан облысының аумағына кіретін Бұқтырма су қоймасының жағалауы алдағы үш жылдың ішінде адам танымастай өзгеріп, еліміздегі өзге де туристік орындарға лайықты бәсекелес атанбақ. Тіпті, оларды басып озуы да ғажап емес.
Бұл жөнінде Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте облыс әкімі Даниал Ахметов мәлімдеді.

– Біз осыған дейін Алакөлді дамытуға көп күш салып, 17 млрд теңге қаржы құйдық. Енді, Бұқтырма су қоймасы жағалауын дамытуға көңіл бөлеміз. Үш жылдан кейін ол еліміздің кез-келген курортымен лайықты бәсекелесе алатын болады, тіпті, олардан асып түсуі де мүмкін, – деді әкім.

 Аймақ басшысы ондағы табиғи ресурстардың ішінде пантымен емдеудің мүмкіндігі жоғары болатындығын атады.
- Бұл негізгі бағыттардың бірі болады, оны қазір бастадық және жалғасын табады, – деп атап өтті облыс басшысы.

Біздің Instagram-ға жазылыңыз

Жаңалықтарды жылдамырақ көріңіз

Жазылу

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив