ALTAYNEWS TV Әлем
Ауа райы
Өскемен
-37°
туман ветер 2 м/с, В
467.99 488.82 7.7
KZ RU

ШҚО-да жайылымдық жер жеткілікті ме?

19.07.2022, 10:57 0 0 Мадина Амангелдіқызы
Облыста жайылымдық жердің мәселесі бүкіл еліміздегі сияқты өте өзекті. Өскеменнің іргесіндегі аудандарды айтпағанда, Шығыстың сонау шекара маңын жайлап, шалғай жатқан ауылдарында да бұл проблема қордаланғаны қашан. Жерді 49 жылға дейін жалға алып алған ірі шаруашылықтар мен алпауыт жер иелері жеріне мал кіргізбек түгілі, маңайынан құс ұшырар емес. Сонда ауласындағы азын-аулақ малын табыс көзіне айналдырып, оның сүті мен етін сатып, тірлік  етіп жатқан қарапайым халық қайтіп күн көрмек?
Өңірде иесіз қалған жерлерді мемлекет меншігіне қайтару жұмыстары жүрмей жатқан жоқ, жүргізілуде. Бірақ өз деңгейінде деп айта аламыз ба?
 
– 2021 жылы Мемлекет басшысы қараусыз қалған жерлерді қайтаруға қатысты  тапсырма берді. Жергiлiктi әкiмдiктер бос жатқан жерлердiң тiзiмiн жасады. Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде, бұрын пайдаланылмай келген 1 миллион гектардан астам жер анықталды. Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде қажетті жайылымдықтың мөлшері қысқарып, бүгінгі таңда Шығыс Қазақстанда мал жаюға қажетті жер көлемі 146 мың гектарды құрайды, – деді облыстық жер қатынастары басқармасының басшысы Надежда Михейлис. 

 Надежда Михейлистің айтуынша, бүгінде Бесқарағай, Бородулиха, Ұлан аудандарында және Өскемен қаласында жайылымдық жер тапшылығы ерекше сезілуде. Бос жатқан жерлерді мемлекетке қайтару процедурасына бір жылға жуық уақыт кететін көрінеді. 
Аталған мәселе облыс әкімінің де тұрақты бақылауында тұр. Жақында осыған қатысты Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында тілшілердің қойған сауалына аймақ басшысы мәселенің облыста оң шешімін тауып жатқандығын айтқан-ды.

– Биылғы жылдың жартысына дейінгі бұрынғы  облыстың жер көлемімен есептегенде, бізге былтыр 1 миллион 607 мың гектар жайылымдық жер жетпеген болатын.  Сол уақыттан бері пайдаланусыз бос жатқан жерлерді мемлекет меншігіне алу, ауыл шаруашылығы, орман шаруашылығы қоры жерлерінің есебінен жайылымды кеңейту жұмыстары үздіксіз жүргізілді. Нәтиже бар, қажетті жайылымдық көлемі айтарлықтай азайды. Ал қазір облыс екіге бөлінген соң, қазіргі Шығыс Қазақстан облысының аумағында 55 мың гектар жайылымдық жер жетіспеуде. Оны шешудің жолы оңай, 45,5 мың га жер пайдаланылмай жатқан жерлердің есебінен жабылады. Ал қалған он мың гектардың мәселесін ауыл маңындағы жерлерді жайылымдыққа беру, орман қоры аумағынан жер бөлу арқылы күнделікті жұмыс барысында шешуге болады. Қорыта айтқанда, жайылымдық мәселесін облыста жылдың соңына дейін түбегейлі шешеміз, – деді аймақ басшысы Даниал Ахметов.

 Облыс әкімінің айтуынша, жайылымдық жердің жетіспей жатқандығын жергілікті халықтың еңбек етуге құлшына бастағаны деп түсіну қажет.

 – Жұрт бүгінде жаппай жайылымдық іздей бастады. Бұрын бұл мәселе мүлде көтерілмейтін. Себебі, ел ертеңін, болашағын ойлай бастады, сол үшін мал басын жаппай көбейте түсуде. Бүгінгі жайылымдық оған он жылдан кейін де керек. Осылайша, балама, немереме мұра етіп қалдырып кетсем дейді. Мал басы көбейген соң, жайылымдық жер мәселесінің туындауы да заңдылық, – деді облыс әкімі.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды жылдамырақ көріңіз

Тіркелу

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Соңғы жаңалықтар

Кеше, 16:40 Тоғызқұмалақта топ жарғандар марапатталды – ШҚО Кеше, 16:00 Өскеменде «ІТ-хакатон» байқауының жеңімпаздары марапатталды Кеше, 15:22 ШҚО-да аязды күндері 6 өрт оқиғасы болды Кеше, 14:30 Ұлан тұрғыны: Адвокат болуға қандай талаптар қойылады? Кеше, 14:26 Желтоқсанда күн райы жылына бастайды - ШҚО Кеше, 12:26 Зайсанда жоғалып кеткен шопандар табылды Кеше, 12:00 Ел күткен өзгеріс енді басталады – Алима Ақылбекқызы Кеше, 11:10 Орталық алаңға Аяз ата мен Ақшақар орнатылады – Өскемен Кеше, 10:48 Екінші ауысым оқушылары қашықтықтан оқиды – ШҚО Кеше, 10:46 Алматы-Өскемен тасжолындағы жекелеген учаскелер жабылады Кеше, 09:04 Қатты аяздан тармвайдың сымы үзіліп кеткен – Өскемен 27.11.2022, 18:03 ШҚО-да көліктің екі түрінің қозғалысына тыйым салынды 27.11.2022, 17:41 Зайсан ауданында жүргізушілер аязда үсіп қала жаздады 27.11.2022, 16:26 Өскеменде бірінші ауысымдағы оқушылар сабаққа бармайды 27.11.2022, 15:23 Шығыста 42 градусқа дейін аяз болады 27.11.2022, 14:19 ШҚО-да қолайсыз метеорологиялық жағдайлар жалғасады 27.11.2022, 13:03 Облыстық маңызы бар тас жол ашылды - ШҚО 27.11.2022, 12:22 ШҚО-ның тас жолдарындағы ахуал 27.11.2022, 11:50 Республикалық маңызы бар тас жол ашылды – ШҚО 27.11.2022, 10:01 Тарбағатай ауданында автокөлік қар құрсауында қалды 27.11.2022, 09:00 ШҚО-да тағы да жол жабылды 26.11.2022, 17:02 Өскеменде 35 градусқа аяз түседі 26.11.2022, 16:11 Екі қалада қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі - ШҚО 26.11.2022, 15:00 ШҚО-да қар көшкіні болды 26.11.2022, 14:27 Қазақстанда жолдардың сапасын арттыру мақсатында IT-шешім ұсынылды