Өскемен
-24°
плотный туман Штиль
{m-rates-USD} {m-rates-EUR} {m-rates-RUB}

Forbes тізіміндегі Балушкиннің мүлкі тәркіленеді

18.07.2022, 10:05 0 0 Оразай Жеңісұлы

Forbes тізіміндегі кәсіпкер Анатолий Балушкиннің мүлкі тәркіленеді. Бұл туралы экономикалық ресурстарды заңсыз шоғырландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссия мәлімдеді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

«11 шілдеде Шығыс Қазақстан облысында Балушкинге қатысты іс бойынша (халықаралық іздеудегі «БИПЭК» компаниялар тобының акционері) сотқа 77 жылжымайтын (оның ішінде «Рахман қайнары», «Нұртау», «Фортуна порты» демалыс базалары) және мың жылжымалы мүлікті сотқа дейін тәркілеу туралы өтініш жіберілді», – деді комиссия.

photo_401702.jpeg

Бұған дейін Нұр-Сұлтан мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің «Азия Авто» автомобиль құрастыру компаниясына талап арызы бойынша шешім шығарғаны хабарланған еді. Сот «Азия Авто» компаниясын мемлекетке 174 миллиард теңге қайтаруға міндеттеді.

Біздің Instagram-ға жазылыңыз

Жаңалықтарды жылдамырақ көріңіз

Жазылу

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив