Өскемен
-17°
туман ветер 3 м/с, СЗ
468.98 493.74 7.59

ШҚО әкімі металлургтерді кәсіби мерекесімен құттықтады

17.07.2022, 13:56 4 0 Оразай Жеңісұлы

Шығыс Қазақстан облысының әкімі металлургтерді кәсіби мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

– Бүгін Шығыс Қазақстан үшін ерекше мәні бар мереке - Металлургтер күні. Өйткені, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев атап өткендей, ШҚО - еліміздің металлургия өнеркәсібінің флагманы. Металлург мамандығын еңбекқор, адал, мақсатты, жұмыстан қорықпайтын және өз ісіне жауапты адамдар таңдайды. Сондықтан олар-біздің ең құнды капиталымыз, еліміздің игілігі үшін еңбек етіп, экономиканың дамуына баға жетпес үлес қосып келеді. Әрине, өңірде аты аңызға айналған кәсіпорындар жұмыс істейді, онда өндірістің жаңа технологиялары үнемі енгізіліп, игеріліп отырады, өндіріс жылдан жылға артып келеді. Біз металлургия саласын таңдаған әр адамның еңбегін ерекше құрметтейміз. Кәсіби мереке күні барлық металлургтер мен олардың отбасыларына денсаулық, еңбекте табыс, амандық пен бақыт тілеймін! – деді Даниал Ахметов.

Біздің Instagram-ға жазылыңыз

Жаңалықтарды жылдамырақ көріңіз

Жазылу

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив