KZ
Өскемен
+8°
облачно с прояснениями жел 6 м/с, СБ
444.32 473.33 4.76

250 теңгеден асуы мүмкін. Сарапшылар нан бағасына болжам жасады

15.07.2022, 11:26 124

Atameken Business телеарнасының сарапшылары нан бағасының қымбаттауына наразы. Олар бұл әлеуметтік маңызы бар өнім құны 250 теңгеге дейін, тіпті одан да жоғары болып кетуі мүмкін деп отыр.

Мұның себебі ұн бағасының күрт өсуі, дейді сарапшылар. Жаз басынан бері баға үш пайызға өскен. Диірменшілер мен астық өңдеушілер ресейлік өндірушілердің қаптап келуіне алаңдаулы.

«Нан 250 теңгеден де қымбат болады. Осының бәрі утильалымның, Кедендік одаққа мүше елдер арасындағы сауда саясатын ажыратудың, мақсатты тұжырымдау мен мүдделер қайшылығының шешілмеген мәселесі. Осыдан барып өнімдер бағасына алыпсатарлық әсер етеді. Сондықтан, нан бағасы көтерілсе, таңғалмаңыз», - деді экономист Айман Тұрсынқан.

Ал диірменшілер мен астық өңдеушілер ұн бағасының қымбаттауы олардың кінәсінен емес екенін айтады. Әңгіме шектен тыс экспортта - шетел трейдерлері әлдеқашан дайын өнімді емес, шикізатты сатып алып, өз елінде өңдеп жүр. Осыған байланысты біздің диірменшілерде өңдейтін ештеңе жоқ.

«2022 жылғы шілде бойынша Қазақстандағы 2300 ұн тартатын кәсіпорынның 174-і ғана қалды. Олар өз құны бойынша ғана жұмыс істейді, табыс екі пайызды ғана...», - деді ұн тарту кәсіпорнының директоры Дос-Мұқасан Тәукебаев.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив