Өскемен
-29°
переменная облачность ветер 1 м/с, ЮВ
468.9 485.64 7.7

Зайсан ауданын газдандыруға 610 млн теңге бөлінді

13.10.2022, 15:24 8 0 Мадина Амангелдіқызы
Зайсанды көгілдір отынмен түгел қамтуға 610 миллион теңге бөлінген. Алайда сегіз ауылда газдандыру жұмыстары аяқсыз қалды. Аудан әкімі Дулат Қажанов өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында болған брифингіде жобалардың неліктен тоқтағанын айтты, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

 – Дайыр, Көкжыр, Қуаныш, Біржан, Сарытерек, Жарсу, Бақасу, Сарыжыра ауылдарына газ тартуға қаражат биыл бөлінген. Бірақ қазір мемлекеттік сатып алуға қатысқан мердігерлер арасындағы сот талқылауына байланысты құрылыс-монтаж жұмыстары тоқтап тұр, – деді ол.

 Спикердің айтуынша, Шілікті ауылын газбен қамтуды облыс билігі әлі де талқылап жатқан көрінеді.
«Өңірлерді дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» аясында Зайсан қаласының Боқажанов көшесіндегі көпқабатты үйлердің қазандығын табиғи газға ауыстыру жоспарланғанын айта кетейік. Бұл жобаға 310 млн. теңге бөлінген.

Біздің Instagram-ға жазылыңыз

Жаңалықтарды жылдамырақ көріңіз

Жазылу

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив