KZ
Өскемен
+11°
пасмурно жел 2 м/с, ОШ
447.4 477.55 4.76

"Мен де сол ауаны жұтып жүрмін...". Даниал Ахметов Өскеменнің экологиясына қатысты жауап берді

14.07.2022, 17:34 185

Бүгін ШҚО әкімі Даниал Ахметов Орталық коммуникациялар қызметінде журналистердің сұрағына жауап беріп, аймақтың жарты жылдық көрсеткішін ортаға салды.

Журналистердің кейбірін аймақтағы экология мәселесі алаңдатып, облыс әкімінен қандай шаралар қабылданып жатқанын сұрады.

-   Ақталмаймын, оны маған қажеті шамалы. Тұрғындардың экологияға қатысты шешім талап етуі де орынды. Кәсіпорындарды экологиялық қауіпсіздік шараларын қабылдауды, яғни экологияға инвестиция салуды мәжбүрлеп отырмыз. Сіздер жақсы білесіздер, Өскеменде толып жатқан зауыттар бар. Зауыттардың көбі бұрынғы дәуірдің технологиясымен салынған. Сондықтан бір күннің ішінде біз оны ауыстыра алмаймыз. Алайда 2014 жылдан бері экологияға 46 млдр теңге жұмсалды, - деді облыс әкімі.

Оның 26 млрд теңгесін – «Казцинк» зауыты, 6 млрд теңгесін - Үлбі металлургия зауыты арнайы бөліп, ауа тазартқыш жоғары технологияларды сатып алған. Әкімнің айтуынша, ауадағы лас қалдықтар осыдан бірер жыл бұрын 147 мыңды тонна болса, қазір 127 тоннаға азайған.

-      Алдағы 5 жылда тағы да 20 пайызға төмендетуіміз қажет. Ғалымдарды бұл іске шақырдық, бірлескен бағдарлама бар. Болашақта көп мәселе шешіледі деп ойлаймын. Соңғы 7 жылда 46 млрд теңге жұмсалды. Алдағы уақытта тағы да 40 млрд теңге жұмсалмақ. Баяу болса да, алға ілгерілеу бар. Осылайша лас қалдықтарды азайтамыз. Басқа жолы жоқ. Барлық аурулардың да пайызын қанша екенін және неден екен өте жақсы білемін. Мен де тұрғындар сияқты сол ауаны жұтып жүрген адаммын, - деп қосты әкім. 

Айта кетейік, өткен аптада ғана елордаға ресейлік стендапер-комикс, Өскеменнің тумасы Евгений Чебатков келген. Автордың «Стальной воздух» деген бағдарламамен келген қойылымы туған қаласы Өскеменнің экологиясы туралы, атап өткенде ауа сапасына қатысты әзіл-қалжыңдар болды.

 

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив