Өскемен
-18°
туман ветер 2 м/с, СЗ
468.98 493.74 7.59

Даниал Ахметов жалақысының қанша екенін айтты

14.07.2022, 17:02 0 0

Бүгін ШҚО әкімі Даниал Ахметов Орталық коммуникациялар қызметінде журналистердің сұрағына жауап беріп, аймақтың жарты жылдық көрсеткішін ортаға салды.

Журналистер Даниал Ахметовтен «Оның жалақысы қанша? «Абай ауданы Шығыс Қазақстан облысынан бөлінгеннен кейін жалақысы төмендеді ме?» деп сұрады.

Әкім ең алдымен, жалпы еңбек өтілінің 48 жыл, мемлекеттік қызметтегі еңбек өтілі 33 жыл екенін атап өтті.

– Барлық әкімдерде базалық жалақы бірдей көлемде. Жалақының мөлшері еңбек өтіліне де байланысты. Менің жалпы еңбек өтілім – 48 жыл. Ал мемлекеттік қызметте жұргеніме – 33 жыл. Бұл жерде өзімнің өмірбаянымды айтып отырмаймын. Дегенмен кейбір көптеген әріптестерімнен қарағанда бұл қызметке жоғары өндірістік базамен келдім. Менің жалақым екі миллион теңгеден асады, – деп Даниал Ахметов сұраққа жауап берді де:

– Аптасына қанша күн, қанша сағат жұмыс істейтінімді неге сұрамайсыздар? – деді.

Біздің Instagram-ға жазылыңыз

Жаңалықтарды жылдамырақ көріңіз

Жазылу

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив