KZ
Өскемен
+13°
переменная облачность жел 1 м/с, С
439.43 473.31 4.82

Адам шығыны жоқ, бірақ үйлер мен мүлкі өртеніп кеткендер бар – ШҚО әкімі

10.10.2022, 14:57 95

ШҚО-да барлық 15 өртті оқшаулауға мүмкіндік туып, 13-і толықтай сөндірілді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

8 қазаннан бастап өңірде күрделі өрт қауіпті жағдай қалыптасқан. Десе де, құтқарушылардың, өрт сөндірушілердің, орманшылықтар мен жергілікті атқарушы органдар өкілдерінің жедел жұмыстарының арқасында барлық 15 өртті оқшаулауға мүмкіндік туды.

-        Қазіргі уақытта олардың 13-і толығымен сөндірілген. Күршім ауданы Үшбұлақ ауылында отпен күрес жалғасуда-онда 264 адам жұмыс істейді, екі тікұшақ жұмылдырылды. Ұлан ауданы Қызылсу ауылының маңында өрт ауыздықталды. Әрине, әр өрттің себептерін егжей-тегжейлі түсінетін боламыз, адами факторды да жоққа шығаруға болмайды. Қуанышқа орай, адам шығыны жоқ. Бірақ үйлері мен мүлкі өртеніп кеткендер бар, - деді ШҚО әкімі.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив