KZ
Өскемен
+22°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, ОШ
447.4 477.55 4.76

Зайсанда зәулім мешіт салынады

14.07.2022, 12:51 412

Зайсан ауданында жоспарланған жаңа мешіт құрылысы бойынша дайындық жұмыстары жүріп жатыр.

Күні кеше Зайсан қаласы мешітінің бас имамы Нұрболат Әметұлы және мешіт алқа мүшелерімен Нұр-Сұлтан қаласында жаңа мешіттің проектісін жасап жатқан мамандармен кездесу өтіп, алдағы жұмыстарды пысықтады.

- Алланың қалауымен алдағы уақытта салынатын жаңа мешіттің эскиздік жұмыстары бітті. Енді -жұмыс проектісі бойынша жұмыстар басталды. Ауданымызда салынуы жоспарланған жаңа мешітіміз де тезірек бой көтеріп, қолданысқа берілуін нәсіп етсін! Алла үйін салған адамдарға қатысты Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) өз хадисінде былай дейді: «Кім жер бетінде Алланың үйін салуға ат салысса, Алла Тағала ол кісіге жұмақтан орын дайындайды». Ислам тарихында мешіт салу – барша пайғамбарлар шұғылданған қадірлі іс болған. Осындай сауабы мол амалды сіз бен бізге жасайтындай береке-бірлік, күш-қуат берсін! – деп жазды мешіттің әлеуметтік желідегі парақшасында. 

WhatsApp Image 2022-07-14 at 12.49.31 (1).jpeg

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив