ШҚО-да бірқатар басқармалар біріктіріледі

ШҚО-да облыстық мәслихаттың кезектен тыс ХVІІ сессиясы өтті. Онда аймақтың басқару сұлбасына өзгеріс енгізу, Самар және Тарбағатай аудандарының шекараларын және облыс шекарасын белгілеу мәселелері қаралды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Алғашқы тақырып бойынша баяндаған экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Сәуле Ұлақова облыстағы бірқатар басқармалардың біріктірілетіні жайлы айтты.
Мәдениет басқармасы мен денешынықтыру және спорт басқармасы бірігіп, мәдениет және спорт басқармасы құрылады. Сонымен қатар, ішкі саясат басқармасы мен дін істері жөніндегі басқарма бірігіп, қоғамдық даму басқармасы болады.
Бұл – жаңа Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің штатын оңтайландыру мақсатында жүргізіліп отырған шара.
Сонымен қатар оқыңыз