KZ
Өскемен
+3°
переменная облачность жел 2 м/с, З
444.32 473.33 4.76

Зайсан-Өскемен: Күнделікті жолаушы тасымалдайтын автобус табылмай отыр

12.07.2022, 15:00 405
Зайсан ауданы әкімдігі бұл бағыттағы автобус бүгіннен бастап жолаушыларды күнделікті тасымалдайтынын мәлімдеді 
Зайсан-Өскемен бағытындағы автобус күн аралатып жүріп жатыр. Өйткені автобус саны жеткіліксіз.
Ағымдағы жылдың 12 шілдесінен бастап Зайсан – Өскемен, Өскемен – Зайсан бағыты бойынша жолаушылар тасымалдайтын автобус күнделікті жүретін болады, - деп хабарлады Зайсан ауданы әкімдігі өзінің инстаграм әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында. - Зайсаннан сағат 19.00-де, Өскеменнен сағат 18.30-да шығады. Билет бағасы: 3900 теңге.

Алайда аудандағы автобекетке хабарласып едік, әзірге күнделікті тасымалдайтын автобус жоқ екенін және билет құны да нақты бекітілмегенін айтып отыр.

Негізі Зайсан - Өскемен бағытында автобус күнделікті жүріп отыруы керек, - деді автобекет қызметкері. - Алайда тасымалдаушы жеке кәсіпкердің жеті автобусынан екеуі қана қалды. Сол себепті күн аралатып тасымалдауға мәжбүрміз. Ал аудан әкімдігі ақпарат жариялап қойғанымен, нақты тасымалдаушы табылған жоқ. Автобусы бар жеке кәсіпкерлер бұл бағаға келіспей отыр. 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив