ALTAYNEWS TV Әлем
Ауа райы
Өскемен
-29°
туман Штиль
467.99 488.82 7.7
KZ RU

Қант іздеген өскемендіктер алаяқтарға алданып жатыр

8.07.2022, 14:37 0 0

Қант тапшылығы  алаяқтардың табыс көзіне айналды. Қат тауарға айналған шекерді жарнамаларда “арзан бағамен сатамыз“ деп, одан бөлек өздерін "Ертіс" ӘКК" АҚ қызметкері ретінде таныстырып, жұртты жаппай алдап жатыр. Тіпті, көлікпен әкелінген қап-қап қантты бейнежазбаға түсіріп те көрсеткен. Осылайша Өскеменде алаяқтардың арбауына түсіп қалып, есепшотына ақша салғандар да бар. Артынша өзін "саудагермін" деп жүргендер зым-зия жоқ болған.

-  «Ертіс» ӘКК» АҚ Өскемен қаласы тұрғындарының назарына көрсетілген фактілердің алаяқтық белгілері бар екенін жеткізеді. Өйткені біздің компания қызметкерлері мұндай әрекеттерді жүзеге асырмайды. Осыған байланысты, сақ болуларыңызды және осындай қоңыраулар немесе хабарламалар болған жағдайда құқық қорғау органдарына хабарласуларыңызды сұраймыз. Әлеуметтік маңызы бар өнімдерді (оның ішінде қантты) сату бағаны тұрақтандыру бағдарламасының павильондарында, сондай-ақ «Ертіс» ӘКК» АҚ серіктестері болып табылатын дүкендерде ғана қатаң сатылатынын ескертеміз, - деп хабарлайды «Ертіс» ӘКК» АҚ-ның әлеуметтік желідегі ресми аккаунтында. 

Қазір құмшекер еліміздің барлық өңірінде тапшы. Бағасы аспандап кеткен өнімді алу үшін жұрт күні бойы кезекке тұруға мәжбүр. Өскеменде шағын дүкендерде тәттінің келісі 950 теңге болса, супермаркеттерде әлеуметтік бағамен 480 теңгеге сатылып жатыр. Екі есе төмен бағамен алу үшін тұрғындар таңнан кезекке тұратын болған.

Ал алаяқтарға алданғандарға әзірге ешкім көмектеспеген. Түрлі деңгейдегі құзырлы органдарға шағымданған соң, алаяқтарды тәртіп сақшылар іздеуге уәде берген. Әзірге қанша адамның қант аламыз деп алданғаны белгісіз.




Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды жылдамырақ көріңіз

Тіркелу

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Соңғы жаңалықтар

Бүгін, 10:03 Өскеменге қар тазалайтын жаңа техникалар әкелінеді Бүгін, 09:30 ШҚО-да білім мекемелері қашықтан оқыту форматына ауысты Кеше, 16:40 Тоғызқұмалақта топ жарғандар марапатталды – ШҚО Кеше, 16:00 Өскеменде «ІТ-хакатон» байқауының жеңімпаздары марапатталды Кеше, 15:22 ШҚО-да аязды күндері 6 өрт оқиғасы болды Кеше, 14:30 Ұлан тұрғыны: Адвокат болуға қандай талаптар қойылады? Кеше, 14:26 Желтоқсанда күн райы жылына бастайды - ШҚО Кеше, 12:26 Зайсанда жоғалып кеткен шопандар табылды Кеше, 12:00 Ел күткен өзгеріс енді басталады – Алима Ақылбекқызы Кеше, 11:10 Орталық алаңға Аяз ата мен Ақшақар орнатылады – Өскемен Кеше, 10:48 Екінші ауысым оқушылары қашықтықтан оқиды – ШҚО Кеше, 10:46 Алматы-Өскемен тасжолындағы жекелеген учаскелер жабылады Кеше, 09:04 Қатты аяздан тармвайдың сымы үзіліп кеткен – Өскемен 27.11.2022, 18:03 ШҚО-да көліктің екі түрінің қозғалысына тыйым салынды 27.11.2022, 17:41 Зайсан ауданында жүргізушілер аязда үсіп қала жаздады 27.11.2022, 16:26 Өскеменде бірінші ауысымдағы оқушылар сабаққа бармайды 27.11.2022, 15:23 Шығыста 42 градусқа дейін аяз болады 27.11.2022, 14:19 ШҚО-да қолайсыз метеорологиялық жағдайлар жалғасады 27.11.2022, 13:03 Облыстық маңызы бар тас жол ашылды - ШҚО 27.11.2022, 12:22 ШҚО-ның тас жолдарындағы ахуал 27.11.2022, 11:50 Республикалық маңызы бар тас жол ашылды – ШҚО 27.11.2022, 10:01 Тарбағатай ауданында автокөлік қар құрсауында қалды 27.11.2022, 09:00 ШҚО-да тағы да жол жабылды 26.11.2022, 17:02 Өскеменде 35 градусқа аяз түседі 26.11.2022, 16:11 Екі қалада қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі - ШҚО