KZ
Өскемен
+10°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, ОШ
447.4 477.55 4.76

ШҚО-да ең үздік тауар өндірушілерін анықтап жатыр

8.07.2022, 14:08 140

Облыс орталығы Өскеменде «Қазақстанның үздік тауары-2022» көрмесінің аймақтық кезеңі өтіп жатыр, деп хабарлайды Altaynews тлішісі. Борис Александров атындағы спорт сарайындағы байқауға ШҚО және Абай облысыныан 70-тен астам кәсіпорын қатысуда.

Байқау-көрменің ұйымдастырушысы - «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы. Шараның басты мақсаты – отандық тауар өндірушілерді қолдау, оларды тауарлар мен қызметтердің сапасын арттыруға ынталандыру, отандық брендтерді ілгерілету және еліміздегі өндірістің дамуына серпін беру.

Биыл байқауға қатысушылар 3 номинация бойынша тауарларын ұсынып отыр. Олар - «Үздік өнеркәсіп тауарлары», «Халыққа арналған үздік тауарлар» және «Үздік азық-түлік тауарлары». Әрбір номинация бойынша үш жеңімпаз анықталады, олар онлайн дауыс беруге қатысады. Тек содан кейін елдегі үздік 9 тауарды анықтайтын комиссияның қарауына өтеді.

ea447d4a-038c-4657-8091-a1a1301f2279.jpg

Мұндағы қатысушылардың барлығы-дерлік өнеркәсіптік, азық-түлік, өндірістік-техникалық өнімдердің сапасын жоғары деңгейде қамтамасыз етіп, оны жүйелі түрде жетілдіруде оң нәтижелер көрсетіп жүрген кәсіпорындар.

Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Шәкәрім Бұқтұғытов атап өткендей, облыс кәсіпорындарының бұл байқаудың республикалық деңгейінде жеңімпаз атануларына сол мүмкіндіктері бар. Сонымен қатар, әкім орынбасары әкімдік тарапынан жергілікті кәсіпкерлер қашанда қолдауға ие болатынын да атап өтті.

– Шығыс Қазақстан облысында өнеркәсіп пен кәсіпкерлік белсенділік қарқынды дамып келеді, – деді ол. – Өткен жылы жалпы ішкі өнімнің 20 пайызға жуығын шағын және орта бизнес қамтамасыз етті. 

WhatsApp Image 2022-07-08 at 13.21.17.jpeg

Көрме жәрмеңке форматында өтті, оның барысында келушілер өндірушілермен танысып, облыстың үздік тауар өндірушілерінің өнімдерін сол жерде сатып алып жатты. Осылайша шығысқазақстандық кәсіпкерлер өздерінің әлеуетті іскер серіктестерімен және жеткізушілерімен жаңа іскерлік байланыстар орнатуға мүмкіндік алды.

Айта кетейік, осыған дейін шығысқазақстандық 6 кәсіпорын республикалық «Қазақстанның үздік тауары» байқауының жеңімпазы атанған.

 WhatsApp Image 2022-07-08 at 13.21.15 (1).jpeg

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив