KZ
Өскемен
-1°
ясно жел 1 м/с, С
443.85 474.3 4.8

Өскеменде құрбандық қай жерде шалынады?

7.07.2022, 16:44 165

Құрбан айтқа үш күн қалған кезде Өскемен билігі құрбандық шалынатын алаңды нақты мәлімдеп, баспасөз мәслихатын өткізді. Бұған облыстық Халифа Алтай мешітінің наиб-имамы мен қалалық ветеринария бөлімінің мамандары қатысты. Мешіт имамы мереке күні өтетін шараларға тоқталып, жамағатты таза жерде мал союға, құрбандық малын саудаласып алуға үндеді. 

- Биыл "Шығыс" ауылының етегінде құрбандық шалуға рұқсат беріліп отыр. Осылайша жылдағы дәстүр бойынша құрбандық еті таратылалады. Шынайы Алланың ризашылығы үшін құрбандық шалғысы келген азамат осы орынға келіп мал соя алады. Ал мал сатушы жандарға бағаны тым көтеріп жібермей, халықтың жағдайын ескергені абзал дегіміз келеді. Одан бөлек, азаматтардың өздері шалатын малдың орнынын ысырап қылмаса екен. Малдың ішек-қарынын бір жаққа, терісін бір жаққа лақытырып кетпеуі керек. Бұл – өте маңызды, - деді наиб-имам Дәулет Қабидолдин.

Мешіт қызметкерлерінің айтуынша, санитариялық  талаптарға сай малды құрбандыққа шалу ұйымдатырылады. Арнайы дайындалған алаңда коммуналды қызметтерден бөлек, ветеринария, жергілікті полиция бөлімінің қызметкерлері де кезекшілік етеді. Мамандар құрбандық шалынатын алаңды бақылауға алып, сатуға әкелген малдарды тексереді. 

- Бақылау қадағалау органдары болғандықтан, ҚР Ветеринария заңынының талаптарының сақтауын қадағалаймыз. Малдың «Форма-1» деп аталатын анықтама құжаты, сырғасы болуы тиіс. Бруцеллез ауруынан тексерілген, екпесі бар, сау мал болуы керек. Егер мұның барлығы болмаса, заң аясында тиісті шаралар қабылдаймыз. Себебі әкелінген малға бақылау жүргізілмеген жағдайда адамдар мен жануарларға ортақ ауру тарауы мүмкін, - деді Өскемен қалалық аумақтық инспекциясының бас маманы Есхат Қауқан. 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив