KZ
Өскемен
+18°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, СБ
447.4 477.55 4.76

Жауапты мамандардың салғырттығынан қарапайым халық зардап шекпеуі керек – қала әкімі

7.07.2022, 16:31 213

Бүгін Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омар қалада атқарылып жатқан жұмыс барысын тексеріп қайтты, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Қала басшысы алдымен Меновное ауылындағы Конечный тұйық көшесіне барып, «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында жүргізіліп жатқан жолдарды орташа жөндеу бойынша жұмыстарды тексерді. «Актив-А» ЖШС жауапты болған аталмыш объектіде жол жөндеу жұмыстары сәуір айында басталып, шілде айының аяғында аяқтауға тиіс еді. Десе де, мердігер компанияның жолды кестеге сай уақытта аяқтамайтыны белгілі болды.  Себебі, арада 4 айға жуық уақыт өтсе де жөндеу жұмыстары әлі басталмаған.  
f780304a-81a8-4af4-90b7-0fa55fa2ff84.jpg
- Бұл жұмысты қолға алып, жауапты мердігер компания жауапқа тартылатын болады, - деді Өскемен қалалық ТҮКШ, жолаушылар тасымалы және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Нұржан Жапбаров.
Келесі кезекте әкім "Халықтық қатысатын бюджет" бағдарламасы шеңберінде балалар алаңы салынып жатқан Назарбаев даңғылы, 54 мекенжайына барды. Ол жерде де жұмыс жоспарға сай жүргізілмей жатқаны анықталды. 
Мердігер компанияның айтуынша, құрылысқа қажетті желім жоқ болғандықтан жұмыс тоқтап қалған көрінеді. Бірақ бүгіннен бастап қайта жалғасатынын айтты.
e1b94f04-b523-430b-adf7-b25fc328a7c6.jpg
- Бұл жолды, алаңды қаншама тұрғындар мен балалар асыға күтіп жүр. Алайда, жауапсыз мердігер компаниялардың кесірінен жұмыс уақытында аяқталмайды. Жауапты мамандардың салғырттығынан қарапайым халық зардап шекпеуі керек. Біздің тарапымыздан байқау жарияланып, қажетті қаржы бөлініп отыр. Бірақ мердігер компания мен жауапты өкілдер оны игере алмай жатыр, - дейді қала әкімі.
Қала басшысы аталмыш нысанды бірнеше күн ішінде қайта келіп тексермек. Егер еш өзгеріс болмаса, жауапты компанияларға қатысты тиісті шаралар қабылданады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив