ШҚО тұрғындарына «Құрбан айт» мерекесіне байланысты ескерту жасалды

Шығыс Қазақстан облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті «Құрбан айт» мерекесі кезінде халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету туралы ақпарат жариялады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Мұсылмандардың діни дәстүрлеріне сәйкес, «Құрбан айт» мерекесінде құрбандық шалу рәсімдері бар.
Осыған орай, ШҚО Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің м.а. 2022 жылғы 5 шілдедегі №5 қаулысына сәйкес, 2022 жылғы 7-11 шілде аралығында мерекелік іс-шараларды өткізу кезеңінде Шығыс Қазақстан мен Абай облыстарының тұрғындары арасында жаппай тамақтан улануды және жіті ішек инфекцияларын болдырмау мақсатында төмендегі нұсқаулықтарды орындау қажет:
1) тамақтан уланудың алдын алу мақсатында санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақтау;
2) құрбандық шалу үшін жергілікті атқарушы органдар айқындаған орындарда ғана союды ұйымдастыру және өткізу;
3) тез бұзылатын өнімдерді (құрбандыққа шалынған малдың етін) тасымалдау және сақтау жөніндегі санитариялық-эпидемиологиялық қағидалар талаптарын сақтау және жеткізуші адамдарды жеке қорғаныш құралдарымен қамтамасыз ету.