Өскемен
-18°
небольшая облачность ветер 1 м/с, С
472.14 498.39 7.65

Қазақстанда өткен тәулікте вирус жұқтырғандар саны 330 адамға жетті

7.07.2022, 10:45 2 0 Мадина Амангелдіқызы
Өткен тәулікте Қазақстанда 330 адамның ПТР-тесті оң нәтиже көрсетті, тағы 10 адам ковидтік пневмонияға шалдықты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Пандемия басталғалы бері 1 308 207 адам коронавирус жұқтырды, 89 271 адам пневмониямен ауырды.

7 шілдедегі мәлімет бойынша, 1 734 адам коронавирус инфекциясынан (–1 677+ және 57 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 263 пациент стационарда, 1 471 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.

Індетке шалдыққандар арасында 12 адамның жағдайы ауыр.

Еске салсақ, 4 шілде күні Алматы коронавирустың таралуы бойынша "сары" аймаққа өтті. Қаланың бас санитар дәрігерінің қаулысымен өңірде шектеу шаралары енгізілді. Атап айтқанда, тұрғындарға жабық ғимараттарда маска тағу ұсынылды.

Эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес, Нұр-Сұлтан қаласы да "сары" аймаққа жақындап келеді.

Біздің Instagram-ға жазылыңыз

Жаңалықтарды жылдамырақ көріңіз

Жазылу

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив