Коронавирус жағдайына байланысты қазақстандықтарға ескерту жасалды

Астана күнін мерекелеу қарсаңында Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті азаматтарды санитарлық-эпидемиологиялық шараларды сақтауды сұрады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Адамдар көп жиналатын жерлерде маска тағу, антисептик қолдану, әлеуметтік қашықты сақтау ұсынылады.
Сонымен қатар өзіңізді және жақындарыңызды қорғау үшін әр қазақстандықтан екпе салдыруын сұраймын. Қазіргі жағдайда ағзаны коронавирустан тек вакцина қорғайды. Бірақ уақыт өте келе антиденелердің саны азаяды. Олар инфекциямен күресуге жеткілікті болуы үшін алты айдан кейін ревакцинациядан өту керек.Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтанаев
Бұған дейін ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният елдегі эпидемиологиялық жағдайдың тұрақты екенін, соған қарамастан ауруға шалдыққандар санының артқанын айтқан еді. Әзірге «сары» аймақта тек Алматы ғана бар.
Сонымен қатар оқыңыз
Алматы "сары" аймаққа өттіҚыркүйекте локдаун енгізіле ме? Санитарлық дәрігерлер жауап бердіҚазақстан "жасыл" аймаққа көшті. Карантин жеңілдей ме?Денсаулық сақтау министрлiгінің екі Комитетіне жаңа басшылар тағайындалдыСайлаудың комиссия мүшелері мен бақылаушылар 3 қаңтар күні сағат 24.00-ге дейін тегін ПТР-тестілеуден өту үшін өтінім бере алады