Өскемен
-14°
переменная облачность Штиль
462.36 493.48 5.99

6 шілде - елорда күні

6.07.2022, 10:30 67 0 Мадина Амангелдіқызы

Бүгін елімізде астана күні атап өтілуде. Биыл елордамыз 24 жылдығын тойлап жатыр.

Бұл мереке халық үшін тарихи-мәдени маңызға ие және Қазақстан Республикасының жетістіктерінің символы болып табылады.

Мерекенің тарихына үңілсек, 1994 жылы Қазақстан Республикасы Парламенті отырысында еліміздің Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның астанасын Алматыдан Ақмолаға көшіру туралы ұсыныс жасаған болатын. 1997 жылы 20 қазанда астананы ауыстыру туралы Жарлыққа қол қойды. 1998 жылы 6 мамырда Ақмола қаласының атауы Астана болып өзгерді. 1998 жылы маусымның 10-ында жаңа елорданың халықаралық тұсаукесер рәсімі өтті.

Бұл күн 2006 жылға дейін астананың туған күні ретінде атап өтіліп келді. 2006 жылдан бастап шілденің 6-сы мемлекеттік мереке ретінде атап өтіледі.

2019 жылы 23 наурызда Астана атауы ресми түрде Нұр-Сұлтан деп өзгертілді.

Қазақстандықтар бүгін, 6 шілде мерекеге орай демалады.

Біздің Instagram-ға жазылыңыз

Жаңалықтарды жылдамырақ көріңіз

Жазылу

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив