Өскемен
-14°
переменная облачность ветер 1 м/с, С
462.36 493.48 5.99

Шілде айына арналған ауа райы болжамы жарияланды

3.07.2022, 20:20 22 0 Мадина Амангелдіқызы

Синоптиктер шілде айына арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Шілденің алғашқы онкүндігінде республиканың басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады деп күтілуде.

Айдың басында батыс жақтағы өңірлерде жаңбыр мен бұршақ жауады, күн күркірейді, желдің екпіні 15-25 м/с дейін күшейеді.

Дәл осы кезеңде солтүстіктегі өңірде Солтүстік теңіздер аймақтарынан суық ауа массаларының келуімен түнгі уақытта күн суытады. Сынап бағаны түнде +5+13°С, күндіз +12+17°С-ты көрсетеді. Ал оңтүстікте ауа температурасы түнгі уақытта +20+25°С-тан +12+20°С-қа дейін, күндіз +30°С-қа дейін төмендеуі мүмкін.

Бірінші онкүндіктің соңына қарай ауа райы қайта жылынады: оңтүстік-батыста +30+40°С дейін, ал солтүстікте, орталықта және шығыста +25+33°С дейін.

Шілденің ортасында Ресейдің еуропалық аумағынан келетін суық ауа массаларының әсерінен ауа температурасы төмендейді. Республиканың басым бөлігінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады, оңтүстік және батыс облыстарында шаңды дауыл соғады, жел күшейеді.

Айдың екінші жартысында ауа температурасы оңтүстікте түнгі уақытта +15+20°С-тан +18+25°С-қа дейін, күндіз +25+30°С-қа дейін құбылады. Солтүстікте: түнде +10+15°С-тан +15+20°С-қа дейін, күндіз +20+28°С-тан +28+35°С-қа дейін.

 

 

 

 

 

Біздің Instagram-ға жазылыңыз

Жаңалықтарды жылдамырақ көріңіз

Жазылу

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив