Өскемен
-14°
переменная облачность Штиль
462.36 493.48 5.99

Өскеменде азық-түлік бағасының өсуін тежеу үшін қандай шаралар қабылдануда?

3.07.2022, 02:11 17 0 Мадина Амангелдіқызы

Өскеменде бірнеше апта қатарынан әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасының өсуі байқалады. Бұл еліміздегі барлық өңірлерінде болып жатқан жағдай. Ол әлемдік нарықтық конъюнктураның өзгеруіне байланысты екен, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Өскемен әкімінің орынбасары Арман Ысқақовтың айтуынша, бағаны реттеу үшін қала әкімшілігінің тарапынан бірқатар шаралар атқарылуда.


- Жыл сайын біз әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің, ең алдымен сүт, нан, жеке жарма, күнбағыс майын өндірушілермен бағаны ұстап тұру бойынша меморандумдар жасасамыз. Меморандумдарға сәйкес сатушылардың сауда үстемесі 5-7% - ды құрайды, - деді Арман Ысқақов.


Сонымен қатар, биыл "Азық-түлік корпорациясы"ҰК" АҚ-нан жеңілдетілген ұн алып отыр. Жергілікті наубайханалармен жеті меморандум жасалған. Бір бөлке нанның орташа нарықтық бағасы 110-115 теңге болса, жеңілдетілген ұн есебінен облыс орталығында шектеулі мөлшерде 95 теңгеден нан сатылады.


- Біз әлеуметтік бөлімдердің санын көбейтудеміз. Қазір олардың саны 50-ге жуық. "Ертіс" ӘКК" АҚ нүктелерінің санын арттыруға да баса назар аударамыз. Облыста тұрақтандыру қоры жұмыс істейді, қазір онда өнім желісі ай сайын артып келеді. Сауда үстемесінсіз өнімдер бірінші кезекте осы жерде сатылады. Қазір әкімдік сату нүктелерін арттыру бойынша жұмыс істеуде, егер бұрын олардың саны 15 болса, қазір 22, - деді Арман Ысқақов.


Айтуынша, бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда. Биыл қалада 11 жаңа учаске берілді, оларды рәсімдеу бойынша жұмыстар жүріп жатыр екен. Павильондар орнатылғаннан кейін сауда жасайтын кәсіпкерлерді іріктеу бойынша байқау басталады. Осы жылы "Ертіс ӘКК" АҚ сауда нүктелерінің санын 50-ге дейін жеткізу көзделген.

Сонымен қатар, қала тұрғындары Fresh Market фермерлік гастрономы мен "Дос-Нар"базарының аумағындағы дәстүрлі сенбілік жәрмеңкелерде ауылшаруашылық тауар өндірушілерінің өнімдерін төмен бағамен сатып ала алады.

 

Біздің Instagram-ға жазылыңыз

Жаңалықтарды жылдамырақ көріңіз

Жазылу

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив