360 виртуалды тур, жолсілтемелер мен карталар, интерактивті web-қосымша әзірленді - ШҚО

ШҚО әкімі Даниал Ахметовтің төрағалығымен өткен облыс әкімдігінің кезекті мәжілісінде туризм саласындағы мәселелер жан-жақты талқыланды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
– Туризмді дамытудың маңызды бағыттарының бірі - ақпараттық ілгерілету. Сол мақсатта visiteast.kz облыстық туристік портал және ақпараттық терминалдар жаңғыртылды. 360 виртуалды тур, аймақ бойынша жолсілтемелер мен карталар, интерактивті web-қосымша әзірленді. Жалпы аудиториясы шамамен 1 млн. адамды құрайтын, танымал блогерлердің қатысуымен бейнероликтер түсірілді. Еліміздің ірі туроператорлары үшін Катонқарағай және Күршім аудандарына ақпараттық тур ұйымдастырылды. Нұр-Сұлтан, Алматы, Доха, Анкара қалаларындағы халықаралық туристік көрмелерге қатысу шетелдік келушілер санының 90%-ға артуына ықпал етті (ү.ж. I тоқсаны), – деді баяндамасында басқарма басшысы Ернар Мұстафин.
Мәселен, Катонқарағай ұлттық паркінде, Батыс Алтай және Марқакөл қорықтарында көрсеткіштер, ақпараттық стендтер мен аншлагтар орнатылғанын, 2022 жылы туризм саласын мемлекеттік қолдаудың 7 жаңа шарасы күшіне енгенін, оның төртеуін кәсіпкерлік басқармасы көрсетіп отырғанын атап өткен жөн.
Сонымен қатар, облыс орталығы – Өскемен қаласында 2,5 млрд. теңге сомасына 200 төсек-орынға арналған 3 қонақ үйдің, құны – 900 млн. теңгелік Бұқтырма су қоймасындағы демалыс базасының құрылысы аяқталуда.
Сонымен қатар оқыңыз
Катонқарағайда ауылдық туризмді дамыту бойынша жұмыстар жүргізілудеШҚО-да өткен жылы 500 мың турист пен демалушы тіркелді"Нағыз туристік хаб" Катонқарағайда ерекше орталық құрылып жатырСарыбелдегі жағажайды үлкен демалыс орнына айналдыруға болады – ШҚО әкіміҚазақстанның халықаралық Көрмесінде ШҚО-ның туристік әлеуеті таныстырылды