ШҚО-да өткен жылы 500 мың турист пен демалушы тіркелді

Табиғаты тамаша Шығыс Қазақстанда туризм саласын дамыта түсудің, сол бағыттағы барлық мүмкіндіктерді пайдаланудың жолдары қандай? Бүгінгі күнге дейін салада қандай шаруалар атқарылды? Аталған мәселе облыс әкімі Даниал Ахметовтің төрағалығымен өткен облыс әкімдігінің кезекті мәжілісінде жан-жақты талқыланды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Алдымен өңірде туризмді дамытуда атқарылған шаруаларды баяндаған облыстық кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Ернар Мұстафин Абай облысын қоспағанда облыста біржолғы сыйымдылығы 19 мың төсек-орындық туристерді орналастырудың 289 орны жұмыс істейтінін атап өтті. Былтыр бұл көрсеткіш 18 мың төсек-орынды құраған болатын.
– Өткен жылы өңірде 500 мың турист пен демалушы тіркелген (2020 жылы – 239 мың адам). Көрсетілген қызметтер көлемі 3,4 млрд. теңгені құрап, 1,5 есеге артты. 2020 жылы 2,3 млрд. теңге болды. Туризм саласындағы негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 2021 жылы 18,5 млрд. теңгені құрады (Абай аймағын есепке алғанда 26,7 млрд. теңге). Осы жылдың қаңтар – мамыр айларында бұл көрсеткіш 2,4 млрд. теңгені құрады. Туризмді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде облыстың 4 объектісі – Бұқтырма су қоймасы, Катонқарағай ұлттық паркі, Риддер қаласы мен Глубокое ауданының тау шаңғысы кластері басымдыққа ие, – деп атап өтті өз сөзінде басқарма басшысы.
Сонымен қатар оқыңыз