KZ
Өскемен
+6°
облачно с прояснениями жел 4 м/с, ОШ
448.15 483.46 4.86

Қазақстандықтар Семейдің жаңа гербін сынап тастады

29.06.2022, 10:04 28

Қазақстандықтар 24 маусымда мәслихаттың кезекті сессиясында бекітілген Семейдің жаңа гербін сынға алды.
Туындының авторы – семейлік Ерлан Шаяхметов. Ол өзі әзірлеген герб дизайнын бекіту үшін 10 жылдан астам әкімдіктер мен министрліктердің табалдырығын тоздырған. Осы уақытқа дейін қалада бекітілген рәміз болмаған.
Араға жылдар салып Семей билігі гербті бекітті:
кітап – Абай, Шәкәрім, Мұхтар Әуезов құрметіне; қарағай өңірдің табиғи келбетін сипаттайды;
түйе – Жібек жолының символы;
жаңа көпір – Семейдің заманауи жетістіктерінің көрсеткіші.
Бірақ жаңа герб қазақстандықтардың көңілінен шықпады. Әлеуметтік желіде Семей тумалары жаңа гербті сынға алды. Олардың бірі дизайнер жалдауға ақша жинап, жаңа гербті қайта салуды ұсынды. Адамдар гербте кескін тым көп екенін және ол мектеп бағдарламасындағы Paint редакторымен салынғандай көрінетінін жазды.

"Осы-ақ па? Қаладағы колледж бен танымал тәтті тоқаштарды да енгізу керек еді", "Семейдің жаңа гербінде дизайн мүлде жоқ", "Бұл герб емес, бұл "Аялдамаға тыйым салынады" деген 3.27 жол белгісі", деп жазды жұрт. 

Сонымен қатар олар жаңа гербті әзірлеуге неге конкурс жарияланбағанына кейістік білдірді. Олар сапасыз герб үшін бюджеттен қанша қаражат бөлінгенін сұрады.
Алайда Семей әкімдігі мен мәслихат тарапынан азаматтардың сынына қатысты ешқандай түсініктеме берілген жоқ.
Еске салсақ, Семей жаңа Абай облысының әкімшілік орталығына айналды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив