ШҚО-да балаларға арналған жаңа бағдарлама іске асырылады

Жаңа бағдарлама бойынша мектеп оқушылары қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлер, сондай-ақ аула клубтары негізінде қазақ, орыс және ағылшын тілдерін меңгеретін болады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Бұл туралы аймақ басшысы Даниал Ахметов әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
Аталмыш бағдарлама таяудағы екі жылға арналған, еркін атмосферада балалардың жасына сәйкес олардың сөйлеу дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді екен.
- Бағдарламаны құруға тек тілтанушы педагогтар ғана емес, сонымен қатар психологтар мен тәрбиешілер, волонтер-студенттер тартылады. Оқытудың әртүрлі формалары қарастырылған - бұл коммуникативтік ойындар, конкурстар, викториналар, шығармашылық шеберханалар, дебат клубтары және тағы басқалар. Осы жазғы маусымда Шығыс Қазақстанда 35 қала сыртындағы және 475 мектеп жанындағы лагерь, сондай-ақ балалардың жазғы демалысына арналған 485 өзге алаң (аула клубтары, үйірмелер мен секциялар) жұмыс істейтінін атап өткім келеді. Бағдарламаны іске асыру шілде айында басталады, ал келесі жылы ол лагерьдің барлық маусымы жұмыс істейтін болады, - дейді облыс әкімі.
Сонымен қатар оқыңыз
Шығыс Қазақстанда жаз кезінде 900-ден астам балалар лагері жұмыс істейтін боладыЖазғы лагерьлер туралы. Өскеменнің оқушылары қалай демалады?ШҚО-да оқушылардың жазғы демалысына 420 млн теңге бөліндіШығыс Қазақстан мектеп оқушылары биыл демалады және саяхаттайдыШҚО-да оқушылар үшін IT лагерь мен бизнес-лагерь жұмыс жасайды