KZ
Өскемен
+11°
облачно с прояснениями жел 6 м/с, ОБ
448.15 483.46 4.86

Жол апаты деңгейі қай өңірлерде жоғары?

6.10.2022, 16:13 98

Үкімет отырысында ішкі істер министрі Марат Ахметжанов еліміздегі жол апаты деңгейі жоғары өңірлерді атады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі Polisia.kzсайтына сілтеме жасап.

Министрдің айтуынша, ағымдағы жылдың сегіз айында апаттылықтың барлық көрсеткіштері өсті: жол-көлік оқиғасы – 14%-ға (8 307-ден 9 429-ға дейін), қаза тапқандар – 18%-ға (1 258-ден 1 478-ге дейін), жарақат алғандар – 13%-ға (10 947-ден 12 394-ке дейін).


– Жыл сайын 13 мың жол-көлік оқиғасы орын алуда. Онда 2 мыңнан астам адам қаза тауып, 18 мыңнан астам адам жарақат алуда. Жалпы 2019 жылдан бері, әсіресе, пандемия кезінде жол апаты динамикасы төмендеді. Бірақ шектеулер мен блок-бекеттер алынғаннан кейін бұл көрсеткіштер өсіп жатыр, – деді Марат Ахметжанов.


Сондай-ақ ол жол апаты деңгейі жоғары төрт өңірді атады. Бұлар - Алматы қаласы, Алматы, Жамбыл және Түркістан облыстары.


– Барлық жол апаттарының 56%-ы, жарақат алғандардың 55%-ы және қаза тапқандардың 41%–ы дәл осы өңірлерде орын алған, – деді министр.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив