KZ
Өскемен
+9°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, С
449.58 486.94 4.86

Ақсу ауылында жаңа мешіт ашылды - Катонқарағай

27.06.2022, 12:44 310

Шығыс Қазақстан облысы Қатонқарағай ауданы Ақсу ауылында жаңа мешіт ашылып, ел игілігіне берілді.
Мешітті ашу рәсімінде ақ шашу шашылып, ақсақалдар сөз алып, мешіт тұрғызған азаматтарға алғыс білдірді. Салтанатты шарада Құран оқылып, елдің амандығын тілеп, дұға жасалды. Сонымен қатар аудан әкімі Ділдар Қалиқан арнайы қатысып, Ақсу жұрты үшін имандылық үйінің бой көтеруі ауданның рухани өмірі үшін үлкен игілікті іс деп атап өтті. 

- Ақсу ауылында ашылған бұл мешітте жамағаттың құлшылық жасауына барлық мүмкіндіктер қарастырылған. Шарада ақын Қуаныш Еркінұлы жырдан шашу шашты. Осылайша шалғайдағы ауыл үстінде Алланың үйінен азан айтылып, дүбірлі думанға бөленді, - деп хабарлайды Халифа Алтай облыстық мешітінің баспасөз қызметі.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив